Меню

Страницы

Статья

Жеке басына қол сұғылмаушылық кепілдіктері және процестік қорғау

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі саясат тұжырымдамасын іске асыру заң үстемдігін, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін дәйекті түрде нығайтуға бағытталған.
Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі – әркімнің жеке бас бостандығына, жеке басына қол сұғылмаушылыққа және адамның қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны, әркімнің жеке бас бостандығына құқығы бар екені, сондай-ақ ешкімнің азаптауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынасқа не жазаға ұшыратылмайтыны бекітілген.
Аталған кепілдіктерді қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері маңызды рөл атқарады. Мемлекет Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлеріне қарсы БҰҰ Конвенциясының, сондай-ақ оған Факультативтік хаттаманың қатысушысы болып табылады. Осыған байланысты азаптаудың алдын алу, мәжбүрлеп ұстау орындарында ұсталатын адамдарды ұстау жағдайларын жетілдіру, бейнебақылау жүйелерін дамыту және тәуелсіз мониторингті қамтамасыз ету, оның ішінде Ұлттық алдын алу тетігі қызметі шеңберінде тиісті шаралар қабылдануда.
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасы әрбір адамға нақты ұсталған кезден бастап білікті заң көмегі мен қорғалу құқығын, кінәсіздік презумпциясын, шешімдерге шағымдану мүмкіндігін және сот бақылауын қамтамасыз етеді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кез келген шектеуге заңда белгіленген жағдайларда ғана жол беріледі. Процестік мәжбүрлеу шаралары белгіленген кепілдіктерді мүлтіксіз сақтай отырып қолданылады.
Жеке басына қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ету, адамның қадір-қасиетін құрметтеу және процестік кепілдіктерді сақтау заң үстемдігін нығайтудың, қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырудың және «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды шарттары болып табылады.
Дата публикации
31 июля 2026
Дата обновления
31 июля 2026
Тип

Сейчас читают

14 сентября 2026
Балалар еңбегіне қарсы күрес: балалардың құқықтары мен олардың мүдделерін қорғау
31 июля 2026
Жеке басына қол сұғылмаушылық кепілдіктері және процестік қорғау
29 июля 2026
«Заң және тәртіп»: есірткі қылмыстарына қарсы күрес және адам құқықтарын қорғау

Социальные медиа

Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы