Меню

Страницы

Статья

«Заң және тәртіп»: есірткі қылмыстарына қарсы күрес және адам құқықтарын қорғау

«Заң және Тәртіп» идеологиясын қоғамда ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде қылмысқа қарсы іс-қимылдың тиімділігі мен адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамасы қоғамдық қауіпсіздікті қорғау адам құқықтарын бұлжытпай сақтай отырып, адамның қадір-қасиетін құрметтеу және қажетті медициналық әрі әлеуметтік көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылуға тиіс екенін негізге алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін қатаң жауаптылық көзделген. Атап айтқанда, есірткі құралдарын өткізу, оларды заңсыз айналымға тарту, «жасырып кетушілердің» («закладчиктердің») қызметі, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы есірткілерді сатып алу және өткізу тәсілдері туралы ақпаратты тарату ауыр және аса ауыр қылмыстарға жатады және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға, ал жекелеген жағдайларда өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін әкеп соғады.
Есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау да Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 25-бабына және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 12-бабына сәйкес денсаулықты қорғау және медициналық көмекке қол жеткізу құқығы адамның негізгі құқықтарының бірі болып табылады.
Есірткіге тәуелділіктен емделуге мұқтаж адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек пен оңалту іс-шараларына қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Мұндай көмек дәрігерлік құпияны сақтай отырып, адамның қадір-қасиеті мен науқасттың құқықтарын құрметтеу негізінде, қандай да бір кемсітусіз көрсетіледі.
Заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын сақтау қылмыс жасағаны үшін жауаптылықтың бұлтартпастығын қамтамасыз етуді, сонымен қатар әрбір адамның қорғануға, медициналық көмек алуға және оның қадір-қасиетінің құрметтелуіне деген құқығын қамтамасыз етуді білдіреді.
Дата публикации
29 июля 2026
Дата обновления
29 июля 2026
Тип

Сейчас читают

14 сентября 2026
Балалар еңбегіне қарсы күрес: балалардың құқықтары мен олардың мүдделерін қорғау
31 июля 2026
Жеке басына қол сұғылмаушылық кепілдіктері және процестік қорғау
29 июля 2026
«Заң және тәртіп»: есірткі қылмыстарына қарсы күрес және адам құқықтарын қорғау

Социальные медиа

Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы