Меню

Страницы

Статья

Қоғам мен жеке тұлға мүдделерінің теңгерімі

Адам құқықтары құқықтық мемлекеттің негізгі тіректерінің бірі болып табылады, алайда олар абсолюттік сипатқа ие емес. Бір адамның құқықтары мен бостандықтарының іске асырылуы басқа азаматтардың құқықтарын, сондай-ақ қоғамдық мүдделер мен қауіпсіздікті бұзбауға тиіс.
Халықаралық стандарттар жекелеген құқықтарды шектеуге тек заң негізінде және тек мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығын, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында ғана жол береді. Бұл ретте кез келген шектеулер барабар болуы және құқықтың негізгі мәніне нұқсан келтірмеуі тиіс.
Іс жүзінде құқықтар шегі мәселесі әсіресе сөз бостандығы саласында айқын байқалады. Әрбір азамат өз пікірін білдіруге, соның ішінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметін сынауға құқылы. Алайда пікір білдіру бостандығы көрінеу жалған ақпарат таратуға, қорлауға немесе араздықты қоздыруға ұласпауы тиіс.
Мысалы, азамат мемлекеттік қызмет көрсету сапасын немесе белгілі бір ведомствоның жұмысын көпшілік алдында сынауға құқылы. Сонымен бірге, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, шындыққа жанаспайтын мәліметтерді тарату заңды сын шеңберінен шығады және құқықтық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
Сондай-ақ бірқатар іргелі құқықтардың ешқандай жағдайда шектелуге жатпайтынын ескеру қажет. Олардың қатарына өмір сүру құқығы, азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынасқа тыйым салу, ар-ождан бостандығы және құқық субъектілігін тану құқығы кіреді.
Осылайша, құқықтық шектерді белгілеу азаматтық бостандықтарды шектеуге емес, тұлға, қоғам және мемлекет мүдделері арасындағы әділ теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған.
Дата публикации
22 июня 2026
Дата обновления
22 июня 2026
Тип

Сейчас читают

14 сентября 2026
Балалар еңбегіне қарсы күрес: балалардың құқықтары мен олардың мүдделерін қорғау
31 июля 2026
Жеке басына қол сұғылмаушылық кепілдіктері және процестік қорғау
29 июля 2026
«Заң және тәртіп»: есірткі қылмыстарына қарсы күрес және адам құқықтарын қорғау

Социальные медиа

Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы