
Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары мемлекеттің басты құндылығы адам, оның құқықтары, қауіпсіздігі мен қадір-қасиеті болып қала беретінін айқындайды.
Бұл тәсілде құқықтық мемлекеттің негізі ретінде «Заң және тәртіп» қағидатына ерекше мән беріледі. Дәл осы заңның сақталуы, заң алдында баршаның теңдігі және жауапкершіліктің бұлтартпастығы азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін қалыптастырып, адам құқықтарын қорғауға жағдай жасайды.
Ішкі саясаттың әлеуметтік бағыты отбасы мен балалық шақты қолдауды, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуды, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ халықтың осал санаттарын қорғауды қамтиды. Негізгі назар әрбір адамның өмір сүруі үшін әділ әрі қауіпсіз жағдайлар жасауға аударылады.
Құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті нығайту маңызды міндеттердің бірі болып қала береді. Заңға құрмет тек міндет қана емес, сонымен қатар мемлекет пен қоғамды әділеттілік, ашықтық және өзара сенім қағидаттары төңірегінде біріктіретін қоғамдық құндылыққа айналуы тиіс.