Меню

Страницы

Статья

Неке, отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында

Қазақстан Республикасының Конституциясында неке, отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында екені бекітілген. Бұл қағидалар отбасыны қорғау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылатын әлеуметтік мемлекеттің іргелі қағидатын айқындайды.
Әйелдерді қолдау, ананы қорғау және балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету адамның негізгі құқықтарын — денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қауіпсіздік және лайықты өмір сүру жағдайларына құқықтарын іске асырумен тікелей байланысты. Медициналық көмектің қолжетімділігі, еңбек және әлеуметтік кепілдіктерді қорғау, сондай-ақ кәсіби қызмет пен бала тәрбиесін ұштастыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау ерекше маңызға ие.
Халықаралық тәжірибеде ана болуды қорғау қоғамның орнықты дамуының маңызды элементі ретінде қарастырылады. Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Халықаралық еңбек ұйымы құжаттарының ережелері тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасыларды әлеуметтік қолдау және ана болу кезеңіндегі әйелдерді қорғау қажеттігін атап көрсетеді.
Көптеген мемлекеттер отбасыларды қолдау, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ әйелдерге әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету бағдарламаларын дамытып келеді. Халықаралық тәжірибеде бас бостандығынан айыру орындарындағы әйелдердің құқықтарын сақтау мәселелеріне, соның ішінде медициналық сүйемелдеу, ұстау жағдайлары және отбасылық байланыстарды сақтау мәселелеріне ерекше мән беріледі.
Ана мен отбасын қолдау — бұл халықаралық міндеттемелерді орындау ғана емес, сонымен қатар құқықтық мәдениет деңгейінің, әлеуметтік жауапкершіліктің және адам құқықтарына деген құрметтің көрсеткіші.
Дата публикации
01 июня 2026
Дата обновления
01 июня 2026
Тип

Сейчас читают

14 сентября 2026
Балалар еңбегіне қарсы күрес: балалардың құқықтары мен олардың мүдделерін қорғау
31 июля 2026
Жеке басына қол сұғылмаушылық кепілдіктері және процестік қорғау
29 июля 2026
«Заң және тәртіп»: есірткі қылмыстарына қарсы күрес және адам құқықтарын қорғау

Социальные медиа

Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы