Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаты. Қазақстан Республикасының Конституциясы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылықтар ретінде бекітеді. Осы тұрғыда әлеуметтік мәртебе де, лауазымдық жағдай да қандай да бір артықшылықтар мен ерекшеліктерге негіз бола алмайды.
«Адал азамат» тұжырымдамасы құқықтық мәдениет пен әрбір азаматтың жауапкершілігінің практикалық мазмұнын айқындайды. Әділдік пен қоғамдық қауіпсіздік тек институттар деңгейінде ғана емес, күнделікті мінез-құлық арқылы да қалыптасады: жол қозғалысы ережелерін сақтау, салықтық міндеттемелерді орындау, қоғамдық тәртіпке құрметпен қарау.
Қазіргі құқықтық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі – әрбір адамның құқықтары мен қадір-қасиетіне құрмет көрсету. Бұл кемсітушілікке, буллингке және қорлау тілінің қолданылуына жол бермеуді, сондай-ақ денсаулық жағдайына, этникалық немесе діни тиесілігіне қарамастан барлығына тең қарауды қамтиды.
Жауапкершіліктің ажырамас бөлігі – айналадағы адамдардың қауіпсіз және жайлы ортаға деген құқықтарын сақтау. Бұл қоғамдық орындардағы тыныштықты, тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуді білдіреді.
Әділетті қоғам қалыптастыру азаматтардың жеке жауапкершілігімен тікелей байланысты. Басқалардың құқықтарын құрметтеу және күнделікті өмірде заң талаптарын сақтау қоғамдағы тұрақты құқықтық тәртіп пен сенімнің негізін қалайды.