Меню

Страницы

Статья

Әртүрлі пікірлер — біртұтас ұлт: тұрақты дамудың негізі

Қазіргі заманның сын-қатерлері жағдайында мемлекеттің орнықтылығы көп жағдайда қоғамның ашық әрі сындарлы диалог жүргізу қабілетіне байланысты айқындалады. Қазақстан Республикасы Президентінің №1081 Жарлығымен бекітілген Ішкі саясат тұжырымдамасын іске асыру «Әртүрлі пікірлер — біртұтас ұлт» қағидатын қоғамдық дамудың негізгі бағдарларының бірі ретінде айқындайды. Бұл тәсіл азаматтық қоғамның кемелдігін және конституциялық құндылықтарға адалдығын көрсетеді.
Қоғамдық келісімнің ажырамас негізі — адам құқықтары мен бостандықтарының кепілді түрде сақталуы. Сөз бостандығы және пікір білдіру құқығы демократиялық мемлекеттің дамуын қамтамасыз ететін маңызды институттар болып табылады. Өзге көзқарасқа құқықты мойындау құқықтық тәртіптің нығаюына және мемлекеттік әрі қоғамдық институттарға деген сенімнің қалыптасуына ықпал етеді.
Пікір алуандығын теңгерімді әрі тиімді шешімдер қабылдауға ықпал ететін стратегиялық ресурс ретінде қарастыру қажет. Өзекті мәселелерді ашық талқылау және сындарлы сын қоғамның ілгері дамуына жағдай жасайды. Бұл ретте заңдылықты сақтау, жауапкершілік және мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделеріне бағдарлану қағидаттары айрықша мәнге ие.
Ұлт бірлігі заң алдындағы теңдікке, өзара құрметке және елдің болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезінуге негізделеді. Қоғамның шоғырлануы көзқарастарды біріздендіруді емес, әділетті әрі өркендеген Қазақстанды құру жолында іс-әрекеттердің үйлесімділігін білдіреді. Диалог мәдениетін дамыту — тиімді және орнықты қоғамдық жүйені қалыптастырудың маңызды шарты.
Дата публикации
21 апреля 2026
Дата обновления
21 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

14 сентября 2026
Балалар еңбегіне қарсы күрес: балалардың құқықтары мен олардың мүдделерін қорғау
31 июля 2026
Жеке басына қол сұғылмаушылық кепілдіктері және процестік қорғау
29 июля 2026
«Заң және тәртіп»: есірткі қылмыстарына қарсы күрес және адам құқықтарын қорғау

Социальные медиа

Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы