Меню

Страницы

Статья

Белсенді азаматтық ұстаным – адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын алдын алудың тиімді тетігі

«Адал азамат» тұжырымдамасы пассивті бақылауды емес, азаматтардың қоғамдық және мемлекеттік өмірге саналы әрі жауапты қатысуын көздейді. Адамның іргелі құқықтарының бірі – мемлекеттік істерді басқаруға қатысу құқығы. Жауапты азаматтық – болашақтың құқықтық ортасы бүгіннен бастап, әрбір адамның нақты іс-әрекеті арқылы қалыптасатынын түсіну.
Бұл құқықтың практикалық іске асырылуы қоғамдық кеңестердің жұмысына қатысу, бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізу, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік мүдделерді қорғау арқылы көрініс табады. Азаматтық белсенділік қоғамның орнықты дамуының негізгі шарты болып табылады.
Демократия мен адам құқықтары – статикалық жағдай емес, күн сайынғы қатысуды талап ететін үздіксіз үдеріс. «Адал азамат» тәсілі конструктивті диалог пен белсенді қатысуға негізделген.
Қоғамдық және мемлекеттік процестерді басқаруға қатысу құқығын іске асыру азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қатысуын, соның ішінде кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметіне араласуын және бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізуін, петициялар беру құралдарын пайдалануды және нормативтік құқықтық актілер жобаларын ресми цифрлық платформаларда талқылауға қатысуын қамтитын институционалдық тетіктер кешені арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар әлеуметтік жауапкершіліктің көрінісі әрі халықтың осал топтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу нысаны ретінде волонтерлік қызметті дамыту да маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
 
Дата публикации
21 апреля 2026
Дата обновления
21 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

14 сентября 2026
Балалар еңбегіне қарсы күрес: балалардың құқықтары мен олардың мүдделерін қорғау
31 июля 2026
Жеке басына қол сұғылмаушылық кепілдіктері және процестік қорғау
29 июля 2026
«Заң және тәртіп»: есірткі қылмыстарына қарсы күрес және адам құқықтарын қорғау

Социальные медиа

Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы