GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Өкілдік Туралы
Байланыс ақпараты
Все материалы
20 октября 2026
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №78 және №69 мекемелерінде жазасын өтеп жатқан әйел азаматтарды жеке қабылдады.

2026 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №78 және №69 мекемелерінде жазасын өтеп жатқан әйел азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдау барысында сотталған әйелдердің өтініштері мен арыз-шағымдары тыңдалып, көтерілген мәселелер жеке тәртіппен қаралды.

 Кездесу кезінде медициналық көмек алу және медициналық қызмет көрсету мәселелерімен қатар, жұмыс істеп жүрген сотталған әйелдердің еңбекақысынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) жарналар мен аударымдардың ұсталуына қатысты мәселелер қозғалды.

 Сонымен қатар, Ұлттық алдын алу тетігі шеңберінде балалардың жатын орындары мен тұрмыстық жағдайлары, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының сақталуы жан-жақты қаралды.

 Жеке қабылдау барысында көтерілген сұрақтарға назар аударылып, сотталған әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері қаралды.

Адам құқықтарын қорғау — әрбір адамның құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етудің маңызды бағыты.

Құқықтық ағарту
Халықаралық ынтымақтастық
20 октября 2026
Артур Ластаев: Конституцияда адам құқықтарының басымдығы қағидаты көрініс тапқан

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев «Адамға бағдарлану - Қазақстанның конституциялық реформасының векторы» атты халықаралық конференцияның жұмысына қатысты.

Әділет министрлігі ұйымдастырған бұл іс-шараға Құрылтай депутаттары мен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелерінің, мемлекеттік органдардың басшылары мен Қазақстан және шетелдік ғылыми-білім беру ұйымдарының өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстанның жетекші заңгерлерінің басы біріктірілді.

Өз сөзінде Омбудсмен жаңа Конституцияның адам құқықтарының басымдығы идеясына негізделгенін атап өтті. Ол ең іргелі халықаралық стандарттарды, ұлттық ерекшеліктерді және мемлекеттілікті одан әрі дамытудың озық идеяларын негізге алады.

«Адам құқықтарының басымдығы нақты конституциялық кепілдіктерден көрініс табады. Олардың қатарында өмір сүру және әділ сот талқылауына құқығы, адамның қадір-қасиеті мен дербес деректерін қорғау, сөз және діни сенім бостандығы бар», - деді Артур Ластаев.

Конференция қатысушылары конституциялық жаңашылдықтарды заңнамада іске асырудың практикалық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, норма шығару қызметінің философиясын өзгерту, мемлекеттің конституциялық жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, жеке басқа және жеке меншікке қол сұғылмаушылық кепілдіктерін күшейту және өзге де өзекті мәселелер қаралды.

20 октября 2026
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов және Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшысы А. Исабекова азаматтың өтінішін қарау мақсатында бірлескен жеке қабылдау өткізді.

2026 жылғы 28 қыркүйек күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов және Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшысы А. Исабекова азаматтың өтінішін қарау мақсатында бірлескен жеке қабылдау өткізді.

Жұмыс кездесуі барысында арызданушы көтерген мәселелер жан-жақты талданып, атқарушылық іс жүргізу шеңберіндегі құқықтық мәселелер қарастырылды.

Тараптар қолданыстағы заңнама талаптары негізінде өтініште көрсетілген мән-жайларды зерделеп, азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шешу жолдарын талқылады.

Азаматтардың өтініштерін қарау, олардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін қамтамасыз ету бағытындағы өзара іс-қимыл жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.

20 октября 2026
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.

2026 жылғы 7 қазан күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.

Бару барысында балалардың санитарлық-гигиеналық жағдайлары, медициналық қызмет көрсету сапасы және күнделікті тамақтану тәртібі зерделенді.

 Сонымен қатар, балалардың жатын орындары мен тұрмыстық жағдайлары, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының сақталуы жан-жақты қаралды.

Сонымен қатар, Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) мақсаты мен қызметіне ерекше тоқталып, азаптаудың және өзге де қатыгез, адамдық қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алудағы маңызы түсіндірілді.

 Бару қорытындысы бойынша анықталған мәселелер назарға алынып, оларды шешу мақсатында тиісті уәкілетті органдарға ұсыныстар жолданатын болады.

20 октября 2026
Шымкент қаласының Білім басқармасының ұйымдастыруымен ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай «Ұстаз – ұлы тұлға, ұстаздық – ұлы міндет» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті. Аталған мерекелік шараға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов барды.

Шымкент қаласының Білім басқармасының ұйымдастыруымен ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай «Ұстаз – ұлы тұлға, ұстаздық – ұлы міндет» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті. Аталған мерекелік шараға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов барды.

Салтанатты жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сөз сөйлеп, ұстаздардың қоғамдағы айрықша рөліне тоқталып, білім беру саласының дамуына қосып жүрген еңбектеріне жоғары баға берді. Сонымен қатар бірқатар ұлағатты ұстаздар марапатталып, олардың еңбегі еленді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, өнерпаздар ұстаздарға арнап ән шырқап, би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, елдің ертеңін қалыптастыратын ұлы тұлға. Ал ұстаздық – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін қасиетті міндет.

Сараптамалық кеңес
19 октября 2026
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сарапшылар кеңесінің отырысы

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Сарапшылар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Онда Сарапшылар кеңесінің мүшесі, PhD докторы, Maqsut Narikbayev University қауымдастырылған профессоры Мүслім Хасенов әзірлеген «Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының жобасы қарастырылды.

Заң жобасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның жолын кесу тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ зардап шеккендердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдіктерін күшейтуге бағытталған.

Сарапшылар кеңесінің мүшелері ұсынылған нормалардың құқық қолдану аспектілері, оларды іске асырудың ықтимал тетіктері және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда кешенді тәсілді қамтамасыз ету қажеттілігі туралы пікір алмасты.

Жиын соңында Артур Ластаев сараптамалық кеңес мүшелеріне мағыналы талқылау өткізгені үшін алғысын білдіріп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл адамның құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау, отбасын нығайту және зорлық-зомбылықсыз мәдениетті қалыптастыру үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

 

Құқықтық ағарту
Азаптауларға қарсы ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ)
Жастардың құқықтары жөніндегі «Еркіндік рухы» комиссиясы
16 октября 2026
Құқық қорғау орталығының қызметкерлері Астана қаласындағы №64 мекемеде түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері А.Қасенова, Р.Мұсаева, Р.Мұналбаева Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар комиссиясының өкілі Д.Шәріповпен бірлесіп, Астана қаласындағы №64 мекемеде құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сапардың мақсаты – сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Кездесу барысында оларға қолданыстағы заңнаманың негіздері, жаңа Конституция және құқық қорғау қызметінің негізгі аспектілері туралы түсіндірілді. Омбудсменнің кеңейтілген өкілеттіктеріне, сондай-ақ «Омбудсмен+» Ұлттық алдыг алу тетігінің моделіне ерекше назар аударылды.

Сотталғандарға өз құқықтарын қорғау тетіктері, Уәкілге және оның өкілдеріне өтініш беру тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, сотталғандардың қосымша жеке қабылдауы өткізіліп, оларды қызықтырған сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді.

Ұлттық құқық қорғау орталығы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне осындай көшпелі іс-шараларды өткізуді жалғастырады.

Құқықтық ағарту
Азаптауларға қарсы ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ)
Азаматтардың өтініштерін қарау
Халықаралық ынтымақтастық
ҰАТ қатысушыларының жиынтық баяндамалары
Сараптамалық кеңес
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы жыл сайынғы баяндамалар
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің арнайы баяндамалары
Зерттеулер және монографиялар
Ғылыми комиссия
12 октября 2026
Құқық қорғау орталығында тоғыз айдағы жұмыс қорытындыланды

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта 2026 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындылары мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмаларының орындалуына арналған отырыс өтті.

Азаматтардың өтініштерін қарау – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өңірлердегі өкілдері қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Осылайша, есепті кезеңде келіп түскен өтініштердің жалпы саны 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға өсіп, 8 002-ні құрады.

Шағымдарды қарау нәтижесінде 80 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 7 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 қылмыстық іс тіркелді. Уәкілетті органдарға 259 ұсыным жолданды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өңірлік өкілдері қызметінің маңызды бағыттарының бірі – өз мандатына кіретін мекемелер мен ұйымдарға бару. Есепті кезеңде осындай 3 365 рет бару жүзеге асырылды, оның ішінде Омбудсменнің өзі 13 рет барды.

Бару нәтижелері бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін 239 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 48 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы саны 6 687 ұсыным жолданды.

Азаматтарды қабылдау – Уәкіл мен оның өкілдері қызметінің ажырамас бөлігі. Есепті кезеңде Омбудсмен 163 жеке қабылдау өткізді, оның өңірлік өкілдері – 2 021, ал Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері 57 жеке қабылдау өткізді.

Отырыс аясында жұмыстың тиімділігін арттыру және жергілікті жерлерде құқық бұзушылықтарға жедел ден қою жөніндегі ұсыныстар да қаралды.

Құқықтық ағарту
Халықаралық ынтымақтастық
09 октября 2026
Омбудсмен ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ конференциясында Қазақстандағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін таныстырды

ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ Варшавадағы адам өлшемі жөніндегі конференциясы аясында халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығына арналған арнайы іс-шара барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жаңа Конституцияның негізгі ережелерін және олардың адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызын таныстырды.

Өз сөзінде Омбудсмен жаңа Конституцияны әзірлеуге әртүрлі әлеуметтік топтардың, өңірлердің және кәсіби қауымдастықтардың өкілдері қатысқанын атап өтті. Конституциялық комиссия азаматтардан келіп түскен 10 мыңнан астам ұсынысты қарады. Нәтижесінде өзгерістер Негізгі заңның 77 бабын, яғни 84%-ын қамтыды.

Жаңа Конституцияда адамға, оның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына ерекше мән берілген. Негізгі кепілдіктер қатарында өмір сүру құқығы, жеке басына қол сұғылмаушылық және әділ сот талқылауына құқық, өлім жазасына тыйым салу, дербес деректерді қорғау, сөз және шығармашылық еркіндігі, сондай-ақ тұрғын үйді сот арқылы қорғау құқықтары белгіленген.

Уәкіл Қазақстан Халық Кеңесі атты жаңа конституциялық институт туралы да айтып, оның қоғамдық өкілдікті кеңейтуге және мемлекет пен қоғам арасында диалог орнатуға бағытталғанын атап өтті.

Қорытындылай келе, Артур Ластаев конституциялық реформаның жаңа Негізгі заңды қабылдаумен ғана шектелмейтінін, оның заңнаманы жаңарту және адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін іс жүзінде қамтамасыз ету арқылы жалғасып жатқанын атап өтті.

Құқықтық ағарту
Азаптауларға қарсы ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ)
Азаматтардың өтініштерін қарау
Халықаралық ынтымақтастық
09 октября 2026
Омбудсмен Варшавада соттардың институционалдық тәуелсіздігін нығайту бағытындағы Қазақстанның тәжірибесін таныстырды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының Варшавадағы адам өлшемі жөніндегі конференциясының құқық үстемдігі мәселелеріне арналған пленарлық отырысында сөз сөйледі.

Өз баяндамасында Омбудсмен Қазақстандағы конституциялық реформаның негізгі жетістіктерінің бірі адам құқықтары мен бостандықтарының іргелі кепілдіктерін едәуір нығайту болғанын атап өтті. Елдің конституциялық даму тарихында алғаш рет «Миранда қағидасы» Негізгі заңда тікелей бекітілді. Сонымен қатар кінәсіздік презумпциясы, өзіне-өзі қарсы куәлік бермеу құқығы және бір әрекет үшін қайтадан жауапкершілікке тартуға тыйым салу адам құқықтарына арналған бөлімге енгізілді. Мұның барлығы жеке тұлғаның құқықтарын нақты әрі тиімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру мақсатында 2025 жылы кассациялық соттар құрылды. Енді кассациялық шағымдар тараптардың қатысуымен өтетін сот отырысында алқалы құрамда қаралады.

Адам мен мемлекет арасындағы дауларды қарайтын әкімшілік әділет жүйесі де өзін тиімді қырынан көрсетті. Сот төрелігіне қолжетімділік пен сот арқылы қорғалудың әділдігін қамтамасыз ететін маңызды кепілдіктердің бірі – соттарды толық цифрландыру және істерді автоматты түрде бөлу жүйесі болды.

Сөз соңында Артур Ластаев жүргізіліп жатқан өзгерістер орталығында адам және оның сот арқылы тиімді қорғалуға деген құқығы тұрған құқықтық кепілдіктердің жаңа жүйесін дәйекті түрде қалыптастырып жатқанын атап өтті.

Социальные сети
Youtube
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы