Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты

2025 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясына қатысты.
Отырыс күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Кәмелетке толмағандардың еңбегін заңсыз пайдалануға жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізу туралы - Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті баяндады;
2. Балаларды медициналық скринингтік тексерумен қамту жұмыстары туралы - Денсаулық сақтау және Білім басқармалары баяндады;
3. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын анықтау мақсатында тиісті шаралар қабылдау туралы - Шымкент қаласы полиция департаменті баяндады;
4. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу
туралы - Шымкент қаласы полиция департаменті баяндады.
🔹Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы шаралар қабылданатыны және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілетіні атап көрсетілді.