Меню

Страницы

Статья

Павлодар қаласындағы дағдарыс орталығы: қиын өмірлік жағдайдағы әйелдерге көмек пен қолдау

Павлодар қаласында әйелдер мен балалы әйелдерге арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы жұмыс істейді. Орталықтың негізгі мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балалы әйелдерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

Орталықтың қызметі әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетуге, сондай-ақ дағдарыстық жағдайдан шығуына және дербес өмір сүру қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесуге бағытталған.

Орталыққа физикалық, психологиялық, экономикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер, сондай-ақ уақытша қауіпсіз баспана мен әлеуметтік қолдауға мұқтаж балалы әйелдер жүгіне алады. Мекеме мамандары кешенді көмек көрсетіп, құжаттарды қалпына келтіруге, кеңес алуға, әлеуметтік және құқықтық мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.

Байланыс деректері:

📍 Павлодар қаласы, Осипенко көшесі, 5

☎️ Сенім телефоны: 8 (7182) 62-55-85

📧 Электрондық пошта: centr_zhenshin@mail.ru

Сондай-ақ әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, психологиялық және өзге де қажетті көмек алу мәселелері бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 111 бірыңғай байланыс орталығына жүгінуге болады.

Естеріңізде болсын, көмекке дер кезінде жүгіну – өз құқықтарыңызды қорғауға, қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге және өміріңізді жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

Зорлық-зомбылық – отбасының жеке мәселесі емес, ол адамның құқықтарын бұзу болып табылады және дер кезінде ден қою мен қорғауды талап етеді.

Дата публикации
23 июня 2026
Дата обновления
23 июня 2026
Тип

Сейчас читают

31 августа 2026
«Адал азамат»: жауапкершілік – құқықтық қоғамның негізі
27 августа 2026
Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушы болуға кімдер өтініш бере алады?
Адам және құқық: Омбудсменнің жұмысына арналған фотошолулар
03 июля 2026
Адам және құқық: Омбудсменнің алты айлық жұмысына фотошолу

Социальные медиа

Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы