Азаптаулар және басқа да қатыгез қарым-қатынас пен жазалау түрлері туралы күдік немесе қандай-да мәліметтер болған жағдайда мына телефондар арқылы қоңырау шалуды сұраймыз: 8 (7172) 74-05-46, 8 (7172) 74-05-49, немесе төменде берілген электрондық поштаға жазуды сұраймыз: ombudsman-kz@mail.ru.
1998 жылы 29 маусымда Қазақстан БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазаларға қарсы конвенциясын ратификациялады. 2008 жылғы 26 маусымда БҰҰ Азаптауларға қарсы конвенциясына Факультативтік хаттаманы ратификациялады. Азаптауларға қарсы конвенцияның Факультативтік хаттамасына сәйкес Мемлекет басшысы 2013 жылғы 2 шілдеде Азаптауларға қарсы ұлттық алдын алу тетігі (бұдан әрі - ҰАТ) туралы Заңға қол қойды.
ҰАТ бұл БҰҰ-ның халықаралық шарттарына сәйкес жасалған азаптаулар мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалардың алдын алу жүйесі болып табылады.
ҰАТ мақсаты - Қазақстандық азаматтарды соттар мен құзыретті мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің негізінде азаматтары уақытша орналасқан мекемелер мен ұйымдарға тәуелсіз профилактикалық сараптамалық алдын ала барулар жүргізуге тарту.
Мақсаттары, міндеттері, ҰАТ шарттары, сондай-ақ оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, кандидаттарға қойылатын талаптар «Қылмыстық-атқару кодексі», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодекстерінде, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген.
Қазақстандағы ҰАТ Омбудсмен + моделі негізінде жұмыс істейді. «Омбудсмен +» моделі - үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдерімен бірге Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметін үйлестіруді көздейді. ҰАТ құрылғаннан кейін Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті кеңейтіліп, оның мәртебесі ұлттық деңгейде де, халықаралық деңгейде де күшейтілді.
ҰАТ қызметін тиімді үйлестіру мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанынан консультативтік-кеңесші орган - Үйлестіру кеңесі (ҮК) құрылды. ҮК Азаптаулардың алдын алу жөніндегі кіші комитетпен өзара іс-қимыл жасайды, ҰАТ қатысушыларын іріктейді, өңірлік топтар құрады және олардың жетекшілерін тағайындайды, сапар жоспарын анықтайды, сапарлар туралы есептерді қабылдайды, ҰАТ-ның жиынтық есебін дайындайды, сондай-ақ ҰАТ шеңберінде Омбудсменнің мандатын іске асыруға көмектеседі.
Үйлестіру кеңесінің мүшелерін сайлау тәртібі ҰАТ ҮК-нің мүшелерін сайлау жөніндегі комиссия туралы ережемен реттеледі. Аталған комиссияның құрамына беделді қоғам қайраткерлері мен үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының жетекшілері, БАҚ және құқықтық қоғамдастық өкілдері, белгілі ғалымдар, Парламент депутаттары және т.б. кіреді. ҮК құрамына тек азаматтық қоғам өкілдері кіретінін ескерген жөн. Өз кезегінде ҰАТ қатысушылары қоғамдық бақылау комиссиялары мен қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер және дәрігерлер арасынан сайланады. ҰПМ қатысушылары әлемдегі тоғызыншы ірі ел үшін нақты практикалық шешім болып табылатын өңірлік топтарға бөлінеді.