"Еркіндік рухы" Жастардың құқықтары жөніндегі комиссияның Ережесі

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі

уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары

жөніндегі комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қоғамдық негізде әрекет ететін консультативтік-кеңесші орган болып табылады
  2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Комиссия өз қызметінде адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, заңдылық, объективтілік, ашықтық және жариялылық қағидаттарын басшылыққа алады.

 

 

  1. Комиссия мақсаттары және міндеттері

 

  1. Комиссияның мақсаты болып табылады:

1) жастарға тән адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы проблемаларға назар аудару;

2) Комиссияның қызметіне жастарды (өңірлердегі жастарды қоса алғанда) тарту;

3) бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн-платформаларда құқықтық сананы арттыру және ақпараттық қатысуды, құқықтық ағартуды кеңейту.

  1. Комиссияның міндеттері болып табылады:

1) жастар ортасындағы адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы проблемалық мәселелерді зерделеу және талдау, оларды қорғау және ілгерілету жөнінде бірлескен ұсыныстар әзірлеу;

2) азаматтық жастар қоғамымен адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және ілгерілету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.

 

 

 

  1. Комиссияның функциялары

 

  1. Міндеттерді іске асыру үшін Комиссия келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) жастар ортасында адам құқықтары мен бостандықтарының сақталу жай-күйіне мониторинг, талдау және зерттеу жүргізу;

2) адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

3) адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша құқықтық актілерді, баяндамаларды әзірлеуге қатысу;

4) адам құқықтары мен бостандықтары, оның ішінде оларды қорғау тетіктері саласындағы құқықтық ағартуға қатысу;

5) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің (бұдан әрі-Уәкіл), оның өкілдерінің және АҚҰО іс-шараларын ақпараттық сүйемелдеу;

6) өз қызметі туралы есепті қалыптастыру.

 

 

  1. Комиссияның құрамы мен құрылу тәртібі

 

  1. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасарлары, хатшы және қатысушылар кіреді.
  2. Комиссияның қатысушылары адам құқықтары мен бостандықтары саласында білімі, құқық қорғау, әлеуметтік-қоғамдық, ғылыми қызметте тәжірибесі бар және/немесе қоғамдық өмірге белсенді қатысатын 18 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (Комиссия құрылған сәтте) Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады. Осы талаптар Комиссия төрағасына және оның орынбасарларына қолданылмайды.
  3. Комиссия құрамына кіруге ниет білдірген әрбір кандидат білімі, жұмыс тәжірибесі, жеке жетістіктері (болған жағдайда) және қатысуына байланысты оның дербес деректерін пайдалану туралы келісімі көрсетілген қол қойылған өтінішті АҚҰО-ға жолдайды. Өтінішке растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
  4. Комиссияның құрамы, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу Уәкілдің бұйрығымен бекітіледі.
  5. Комиссияға қатысу өз бастамасы бойынша немесе төрағаның шешімі бойынша келесі жағдайларда тоқтатылады:

1) көрінеу анық емес мәліметтер мен өзге де ақпаратты ұсыну;

2) осы Ережеде көзделген міндеттерді бұзу;

3) Комиссия отырыстарында бір жыл ішінде дәлелді себепсіз жүйелі түрде болмаған жағдайда (2 реттен артық);

4) жалпы моральдық-әдептік нормалар мен ережелерді бұзу.

 

 

  1. Төраға, төрағаның орынбасарлары,

хатшы және Комиссия мүшелері

 

  1. Уәкіл Комиссияның төрағасы болып табылады.

13.Төраға:

1) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның отырыстарына төрағалық етеді;

2) Комиссия қатысушылары арасында тапсырмаларды бөледі;

3) Комиссияның жұмыс жоспарларын бекітеді, күн тәртібін айқындайды және Комиссия отырыстарының хаттамаларына қол қояды;

4) Комиссия қатысушыларының Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарын қарайды.

  1. Комиссия төрағасының Комиссияның қатысушылары болып табылатын және Уәкілдің бұйрығымен тағайындалатын орынбасарлары болады. Төраға болмаған жағдайда отырыстарда Уәкілдің нұсқауы бойынша төраға орынбасарларының бірі төрағалық етеді.
  2. Комиссияның хатшысын оның қатысушылары арасынан Уәкіл тағайындайды.
  3. Төрағаның орынбасары:

1) Комиссия жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;

2) төраға болмаған жағдайда Комиссия отырыстарын жүргізеді;

3) Комиссия төрағасына Комиссия отырысына шығарылатын материалдарды ұсынады;

4) Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Комиссия қызметіне байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Хатшы:

1) Комиссия отырыстарын өткізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;

2) Комиссия қызметіне қатысты материалдарды (күн тәртібі, жұмыс жоспары, хаттама және басқалар) дайындайды, оларды Комиссия қатысушыларың және (немесе) төрағасының қарауына енгізеді;

3) Комиссия отырыстарына қатысатын қатысушыларды және өзге де адамдарды тіркейді;

4) Комиссияның жұмысы туралы есепті Уәкілдің ресми сайтында орналастырады;

5) Комиссия жұмыс жоспарларының, хаттамаларының іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді;

6) Комиссия отырысының өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы Комиссия қатысушыларын хабардар етеді, оларды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді;

7) осы Ережеден туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Комиссия қатысушысы:

1) Комиссия отырыстарына қатысады;

2) Комиссияның жұмыс жоспарларына, күн тәртібіне және отырыстарын өткізу тәртібіне ұсыныстар енгізеді;

3) талқыланатын мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіреді, ұсынылатын шешімдер бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізеді.

  1. Комиссия қатысушысы Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамасын және осы Ережені сақтауға міндетті.

 

 

  1. Комиссия қызметін ұйымдастыру

 

  1. Комиссия отырыстар өткізеді, оларды төраға қажеттілігіне қарай, бірақ жылына екі реттен кем емес өткізеді.

Комиссия қатысушылары алдағы отырыс туралы хабардар етілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өзінің қатысуын растайды, болмаған жағдайда себептерін көрсете отырып, алдын ала хабарлайды.

  1. Күн тәртібіне мәселелер Комиссия алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес енгізіледі.
  2. Комиссия отырысының жұмысына Комиссия төрағасы, төрағасының орынбасарлары, хатшы, қатысушылары қатысады. Соңғылар Комиссия отырыстарына бейнеконференцбайланыс (БКС) арқылы қатыса алады.

Комиссия отырыстарын төраға жүргізеді. Төраға болмаған жағдайда, Комиссия отырысын төраға орынбасарларының бірі жүргізеді.

Комиссия отырыстары, егер оған қатысушылардың кемінде жартысы қатысып отырса, заңды деп саналады.

Комиссия төрағасы отырысты өткізу регламентін (сөз сөйлеу мен баяндамалардың ұзақтығы, баяндамашылардың сөз сөйлеу тәртібі) айқындайды.

Қаралатын мәселелер бойынша Комиссияның шешімдері оның отырысына қатысушылардың санынан әдеттегі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

Комиссия қатысушыларының дауыстарын есептеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады. Бір уақытта бірнеше өзара эксклюзивті шешімдерді таңдауға жол берілмейді. Бір мезгілде өзара қайшы келетін бірнеше шешімді таңдауға жол берілмейді.

Комиссия қатысушысының ерекше пікірге құқығы бар, ол жазбаша түрде жазылып, хаттамаға қосылады.

  1. Комиссия отырысына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, мамандар және өзге де адамдар шақырылуы мүмкін. Шақырылған адамдардың Комиссия қызметіне араласуға құқығы жоқ, оның жұмысын мақұлдағудан немесе мақұлдамаудан тартынуға, белгіленген тәртіпті сақтауға және төрағалық етушінің билігіне бағынуға міндетті.
  2. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жекелеген мәселелерін зерделеу, талқылау мақсатында Комиссияның жұмысына жәрдемдесу үшін өкілдіктер базасында арнайы жұмыс топтары құрылуы мүмкін. Жұмыс топтарының атқаратын қызметіне мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, мамандар, сондай-ақ өзге де адамдар тартылуы мүмкін.
  3. Комиссия отырыстарының қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді АҚҰО жүзеге асырады.
  4. Консультативтік-кеңесші орган Уәкілдің бұйрығымен таратылады.

 

Дата публикации
26 мая 2026