Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі К. М. Бейсенбеков, Қарағанды облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл И. Б. Киселёва және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының Қарағанды облысынан мүшесі А. А. Джумальдинов Қарағанды қаласындағы № 1 арнайы мектеп-интернатқа барды. Сапар барысында тәрбиеленушілердің оқу және тұру жағдайларымен, тамақтану, медициналық қызмет көрсету және бос уақытын ұйымдастыру мәселелерімен, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуымен танысты.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қауіпсіз әрі қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Сапар аясында А. А. Джумальдинов тәрбиеленушілерге арналған «Менің құқығым бар» диалог клубын өткізіп, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары туралы дәріс оқыды. Ұсынылып отырған бейнероликті мектеп-интернаттың оқушылары өздері дайындап, оған шығармашылық қабілеттерін, еңбектерін және жүректерінің бір бөлшегін арнады.
https://www.instagram.com/p/DetH6hzoU_s/
https://www.facebook.com/share/v/19jQsuWjke/
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев «Адамға бағдарлану - Қазақстанның конституциялық реформасының векторы» атты халықаралық конференцияның жұмысына қатысты.
Әділет министрлігі ұйымдастырған бұл іс-шараға Құрылтай депутаттары мен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелерінің, мемлекеттік органдардың басшылары мен Қазақстан және шетелдік ғылыми-білім беру ұйымдарының өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстанның жетекші заңгерлерінің басы біріктірілді.
Өз сөзінде Омбудсмен жаңа Конституцияның адам құқықтарының басымдығы идеясына негізделгенін атап өтті. Ол ең іргелі халықаралық стандарттарды, ұлттық ерекшеліктерді және мемлекеттілікті одан әрі дамытудың озық идеяларын негізге алады.
«Адам құқықтарының басымдығы нақты конституциялық кепілдіктерден көрініс табады. Олардың қатарында өмір сүру және әділ сот талқылауына құқығы, адамның қадір-қасиеті мен дербес деректерін қорғау, сөз және діни сенім бостандығы бар», - деді Артур Ластаев.
Конференция қатысушылары конституциялық жаңашылдықтарды заңнамада іске асырудың практикалық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, норма шығару қызметінің философиясын өзгерту, мемлекеттің конституциялық жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, жеке басқа және жеке меншікке қол сұғылмаушылық кепілдіктерін күшейту және өзге де өзекті мәселелер қаралды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Сарапшылар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Онда Сарапшылар кеңесінің мүшесі, PhD докторы, Maqsut Narikbayev University қауымдастырылған профессоры Мүслім Хасенов әзірлеген «Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының жобасы қарастырылды.
Заң жобасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның жолын кесу тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ зардап шеккендердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдіктерін күшейтуге бағытталған.
Сарапшылар кеңесінің мүшелері ұсынылған нормалардың құқық қолдану аспектілері, оларды іске асырудың ықтимал тетіктері және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда кешенді тәсілді қамтамасыз ету қажеттілігі туралы пікір алмасты.
Жиын соңында Артур Ластаев сараптамалық кеңес мүшелеріне мағыналы талқылау өткізгені үшін алғысын білдіріп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл адамның құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау, отбасын нығайту және зорлық-зомбылықсыз мәдениетті қалыптастыру үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
«Адал азамат» - заңға бағынуға, адалдыққа, жауапкершілікке және адам құқықтарын құрметтеуге негізделген қағидат.
Бейнероликте азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігі түсіндіріледі: азаматтар заңдарды сақтап, өзгелердің құқықтарын құрметтейді, ал мемлекет адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріп, олардың қорғалуын қамтамасыз етеді.
Егер құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз, өтінішті e-Otinish арқылы жолдай аласыз. Құқықтарыңызды қорғауға жәрдем алу үшін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкіліне жүгіне аласыз.
https://www.instagram.com/p/DegQ2_uugLR/
https://www.instagram.com/p/DegR_40uRC6/
https://www.facebook.com/share/r/18NkNdNC5e/
https://www.facebook.com/share/r/1FLXPkeKcy/
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері А.Қасенова, Р.Мұсаева, Р.Мұналбаева Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар комиссиясының өкілі Д.Шәріповпен бірлесіп, Астана қаласындағы №64 мекемеде құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сапардың мақсаты – сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Кездесу барысында оларға қолданыстағы заңнаманың негіздері, жаңа Конституция және құқық қорғау қызметінің негізгі аспектілері туралы түсіндірілді. Омбудсменнің кеңейтілген өкілеттіктеріне, сондай-ақ «Омбудсмен+» Ұлттық алдыг алу тетігінің моделіне ерекше назар аударылды.
Сотталғандарға өз құқықтарын қорғау тетіктері, Уәкілге және оның өкілдеріне өтініш беру тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, сотталғандардың қосымша жеке қабылдауы өткізіліп, оларды қызықтырған сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді.
Ұлттық құқық қорғау орталығы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне осындай көшпелі іс-шараларды өткізуді жалғастырады.
Егер құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз, жағдайды өтініште анық әрі нақты баяндау маңызды.
Бейнероликте төрт қарапайым қадам көрсетілген: болған жағдайды сипаттау, өз деректеріңізді көрсету және құжаттарды тіркеу, өтінішіңізді нақты тұжырымдау және оны жолдау.
Өтінішті e-Otinish арқылы немесе жазбаша түрде беруге болады. Құқықтарыңызды қорғауға жәрдем алу үшін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкіліне жүгіне аласыз.
https://www.instagram.com/p/DebbGg1uMHb/
https://www.instagram.com/p/Debbi3GudJE/
https://www.facebook.com/share/r/19gvx2bGbP/
https://www.facebook.com/share/r/1XvhhKqeVW/
Кемсітушілік - адамның ұлтына, жынысына, жасына, мүгедектігіне немесе басқа да белгілеріне байланысты оның құқықтары мен мүмкіндіктерін негізсіз шектеу.
Роликте кемсітушіліктің не екені, одан қорғайтын ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттар, сондай-ақ құқықтарды қорғау тетіктері түсіндіріледі.
Егер құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге немесе оның Қарағанды облысы бойынша өкіліне жүгінуге болады.
https://www.instagram.com/p/DebXWzjukox/
https://www.instagram.com/p/DebYvcGu7Cn/
https://www.facebook.com/share/r/1KF47hyDkh/
https://www.facebook.com/share/r/19kn1bT9yB/