Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Конституциясындағы өмір сүру құқығы – жоғары конституциялық құндылық

Қазақстан Республикасы Конституциясындағы өмір сүру құқығы – жоғары конституциялық құндылық

2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындылары бойынша қабылданып, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Конституциясы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары конституциялық құндылықтары ретінде тануға негізделген ұлттық конституционализмнің жаңа кезеңін айқындады.

Конституциялық реформаның негізгі нәтижелерінің бірі – адам құқықтары мен бостандықтарының конституциялық-құқықтық кепілдіктерін күшейту болды. Негізгі заң адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғауды мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде белгілеп, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға тиісті конституциялық міндеттер жүктейді.

Конституциялық құқықтар жүйесінде өмір сүру құқығы ерекше орын алады. Конституцияда ол әрбір адамға туғаннан тиесілі ажырамас, айырылмайтын және абсолютті құқық ретінде бекітілген. Өмір сүру құқығы жеке тұлғаның конституциялық-құқықтық мәртебесінің негізін құрайды және өзге де конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың қажетті құқықтық алғышарты болып табылады.

Дата публикации
01 июля 2026
Дата обновления
01 июля 2026
Тип

Сейчас читают

Адам және құқық: Омбудсменнің жұмысына арналған фотошолулар
03 июля 2026
Адам және құқық: Омбудсменнің алты айлық жұмысына фотошолу
01 июля 2026
Қазақстан Республикасы Конституциясындағы өмір сүру құқығы – жоғары конституциялық құндылық
25 июня 2026
Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық білім алу құқығы

Социальные медиа

Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы