Алдын ала бару бойынша Әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

Бұйрық № 49 от 31.01.2023

 Алдын ала бару бойынша Әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабы 14) тармақшасының жетінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Алдын ала бару бойынша қоса беріліп отырған әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
  2. «Алдын ала болу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 23 өкімінің күші жойылған деп танылсын.
  3. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысына жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.                              

 

Согласовано

31.01.2023 18:14 Нурлиев Нуржан Серикович

31.01.2023 18:22 Умаров Амир Саралиевич

Подписано

31.01.2023 18:24 Ластаев Артур Ермекович

 
Дата публикации
24 апреля 2024