Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт Министрліктің (бұдан әрі - Министрлік) құзыретіне 18 мемлекеттік қызмет кіреді (электрондық түрде көрсетілетін – 9; ішінара автоматтандырылған/ қағаз түрінде көрсетілетін – 8, қағаз түрінде көрсетілетін - 1), оның ішінде Министрлік және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары көрсететін қызметтер саны – 11, жергілікті атқарушы органдар көрсететін – 7.
Анықтама:
Министрлік және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары көрсететін:
Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру;
Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру;
Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру;
Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру;
Ұлттық спорт федерацияларын аккредиттеу;
Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу;
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атақтары және біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру;
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу;
Спорт түрлерін, спорт салаларын тану;
Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына оқуға қабылдау;
Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау.
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін:
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау;
Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру;
Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу;
Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру;
2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру;
Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру;
Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану.
2025 жылы Министрлікпен 4503 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
электрондық түрде:
- 998 немесе 22% «электрондық үкімет» порталы арқылы;
- 2498 немесе 55% «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы;
қағаз түрінде:
- 1007 немесе 23% көрсетілді.
2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарына (2024 жылғы 12 желтоқсандағы №227 Министрліктің аппараты басшысының бұйрығымен бекітілді) сәйкес Министрліктің құрылымдық және ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында 7 тексеру іс-шарасы өткізілді.
Бақылау іс-шаралары барысында 24 бұзушылық анықталды (мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын, көрсету мерзімін құжаттардың толық пакеті болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету фактілері).
Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша 3 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.