
1988 жылы Павлодар облысының Ақсу қаласында дүниеге келген.
2009 жылы Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін аймақтану бакалавры дәрежесімен бітірген.
2012 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін құқықтану бакалавры дәрежесімен бітірген.
2018 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебін бітіріп, мемлекеттік саясат магистрі дәрежесін алған.
2010 жылдың ақпан айынан – «Қазақстан халқы рухани даму қоры» АҚ жобалар бөлімінің менеджері.
2011 жылғы қарашадан бастап – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.
2014 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысы.
2019 жылдың тамыз айынан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас консультанты, бас инспекторы.
2023 жылдың наурыз айынан бастап – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» ҚҚ (Sport Qory) бас менеджері.
2024 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары.
2025 жылғы мамырдан бастап – Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің төрағасы.
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.