«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi аудандық бюджет қорынан қаржыландырылатын және спорттық дайындық деңгейiн көтеру бойынша қызметтердi жүзеге асыратын, дене тәрбиесi және спорт саласын дамыту саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын және қалыптастыруды қамтамасыз ететiн аудан әкiмдiгiмен уәкiлеттi атқарушы орган болып табылады.
Мекеме қызмет бағыттарына сәйкес келесi негiзгi мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етедi:
- дене тәрбиесi және спорттың өңiрлiк бағдарламаларын жүзеге асыру;
- аудандық деңгейде спорт түрлерi бойынша жарыстар, спорттық iс-шараларды жүргiзу және жүйелеудi ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының әрекеттегi заңдылықтарына сәйкес iшкi және өңiраралық спорттық байланыстарды жүзеге асыру;
- спорттың әр түрi бойынша аудандық құрама команда мүшелерiнiң дайындығын, олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
- аудан аумағында көпшiлiк және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз ету;
- аудан деңгейiнде спорттық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастыру, сонымен қатар, мүгедеетердiң дене тәрбиесi-спорттық бiрлiестiктерiмен бiрге мүгедектер арасындағы облыстық жарыстарға қатысу және дайындалу;
- дене тәрбиесi мұғалiмдерiне, жаттықтырушы-оқытушыларға консультативтiк және әдiстемелiк көмек көрсету;
- өз құзырi шеңберiнде спорттық дәрежелер, санаттар: екiншi спорттық дәреже, спорт бойынша төрешi, орта және жоғары деңгейдегi екiншi бiлiктiлiк санатын тағайындау;
- аудан аумағында спорттық-көпшiлiк iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын жүзеге асыру және бекiту, әзiрлеу;
- ауданның спорт ұйымдарының қызметтерiн жүйелеу;
- жоғары деңгейдегi спортшылардың сапалы дайындалуына бақылауды жүзеге асыру және көмек көрсету;
- ауданда спорт жетiстiктерiн және саламатты өмiр салты қағидаларын насихаттау.
Бөлiмнiң жалпы ережелерi