"Көркем Жас" күні Мамлют ауданының экономика және қаржы бөлімінің ардагерлеріне көп жылғы адал еңбегі үшін терең құрмет пен алғыс белгісі ретінде азық-түлік пакеттері табыс етіліп, жылы лебіздер айтылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мәртебесі мен оларды пайдалану тәртібі Конституциямен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңмен және Үкіметтің өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін жетілдіру және оларға деген құрметті нығайту мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі Үкіметтің Мемлекеттік Туды, Мемлекеттік Елтаңбаны және олардың бейнелерін, сондай-ақ Мемлекеттік Гимн мәтінін пайдалану, орнату және орналастыру қағидаларын бекітетін қаулысына өзгерістер енгізді.
Енгізілген өзгерістердің бірі терминологияны біріздендіруге бағытталған. Бұдан былай нормативтік құқықтық актілерде «Гимн» атауының орнына «Әнұран» атауы қолданылады.
Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың Мемлекеттік Туды орналастыру тәртібі нақтыланды. Енді Туды ғимараттарға, оның ішінде балкондарға да 45 градус бұрышпен ілуге болады. Бұл норма 2020 жылдан бері заңнамада болғанымен, балконға орналастыру тәртібі осы уақытқа дейін нақты айқындалмаған еді.
Қағидаларға Мемлекеттік Туды пайдалануға қатысты бірқатар талаптар да енгізілді. Жеке тұрғын үйлерде Ту жерден кемінде үш метр биіктікте орнатылуы керек. Енді түнгі жарықтандыру талабы алынып тасталды. Ал егер ғимараттың сәулеттік немесе техникалық ерекшеліктеріне байланысты Туды қасбетке орналастыру мүмкін болмаса, оны үй аумағындағы жеке ту тұғырына (флагштокқа) орнатуға болады.
Мемлекеттік Ту жерге, еденге, суға немесе өзге де заттардың бетіне тимеуі тиіс. Ту тік орналастырылған жағдайда ұлттық өрнек матаның жоғарғы жағында болуы қажет. Сондай-ақ Мемлекеттік Туды егер олар коммерциялық мақсат көздемесе, жеке және заңды тұлғалар ұйымдастыратын мәдени, спорттық, қоғамдық және өзге де іс-шараларда пайдалануға болады.
Ту ұлттық стандартқа толық сәйкес болуы тиіс. Өңі кеткен, жыртылған, кірлеген немесе өзге де зақымдары бар Мемлекеттік Туды пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздер туралы заңнама талаптары сақталған жағдайда Мемлекеттік Туды көлік салонында пайдалануға рұқсат етіледі.
Мемлекеттік Туды әдейі бүлдіруге, жоюға, өртеуге, жыртуға, жерге тастауға, мақсатқа сай емес қолдануға және оның мемлекеттік рәміз ретіндегі қадір-қасиеті мен мәртебесіне нұқсан келтіретін кез келген әрекетке жол берілмейді.
Қағидаларда Мемлекеттік Туды жарнамалық мақсатта пайдалануға, сондай-ақ оны киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, перде, дастарқан, төсеніш және тұрмыстық мақсаттағы өзге де бұйымдарға орналастыруға тыйым салынған. Бұл талап мемлекеттік рәміздің бейнесін күнделікті тұрмыста орынсыз пайдаланудың алдын алып, оған деген құрметті сақтауға бағытталған.
Сонымен бірге енгізілген өзгерістерге сәйкес, Мемлекеттік Тудың бейнесін спортшылардың киімі мен жабдықтарында қолдануға рұқсат етілді. Бұған дейін заңнамада спорттық киімде тек Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесін орналастыруға ғана мүмкіндік берілсе, енді бұл құқық Мемлекеттік Тудың бейнесіне де қолданылатын болды.
Спорттық киім мен жабдықтарға футболкалар, спорттық костюмдер, бейсболкалар, кепкалар және спортшылар пайдаланатын өзге де киім үлгілері жатады.
Енгізілген өзгерістер мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін біріздендіруге, оларға деген құрметті арттыруға және азаматтар, ұйымдар, спортшылар мен кәсіпкерлер үшін ортақ талаптарды айқындауға мүмкіндік береді.
2026 жылдың 1 шілдесінде Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі (Солтүстік Қазақстан облысы) өз қызметкерлерімен жаңа Конституцияға қатысты ақпараттық жиын өткізді. Отырыста заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, демократиялық институттарды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған негізгі ережелер мен түзетулер қарастырылды.
Қатысушыларға конституциялық нормалардың маңызы және олардың күнделікті өмірдегі және мемлекеттік органдардың қызметіндегі рөлі туралы ақпарат берілді. Қызметкерлер сұрақтарын қойып, жан-жақты түсініктеме алу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, Конституцияны құрметтеуге тәрбиелеуге, ұйымдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.
«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Петропавл қаласының прокуратурасы құқық бұзушылықтың алдын алуда заманауи технологияларды белсенді түрде қолдануда. Ахуалдық орталықты, дрондарды және нақты уақыт режимінде бет-әлпетті тануға және бақылауға қабілетті жасанды интеллект жүйелерін пайдалануға бағытталады.
Облыс орталығының мониторингі қазірдің өзінде нақты нәтиже берді: бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу, адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мас күйінде шығу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, кәмелетке толмағандардың түн уақытта көшеде болуы және қайыр сұрау фактілері тіркелді.
Бұл бұзушылықтардың әрқайсысы прокуратураның ақпараттарды есепке алу кітабында тіркеледі, содан кейін заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін дереу полиция жасақтары жіберілді.
Мұндай цифрлық профилактика - бұл тек жазуға ғана емес, сонымен бірге қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алуға мүмкіндік беретін қадағалаудың жаңа деңгейі. Прокуратура заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қорғаудың озық технологияларын енгізу арқылы бұл әлеуетті дамытуды жалғастырады.
#ЗАҢменТӘРТІП
#Заңүстемдігі
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=ru
--📣2025 жылғы 21 ақпанда «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау жүргізіледі.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.
🖊Осыған байланысты, мүдделі тұлғаларды осы шараға 2025 жылғы 21 ақпан сағат 10:00-де мына мекен-жай бойынша орналасқан ғимаратта Мамлютка қ., Ш.Уәлиханов к., 27, қатысуға шақырамыз
☎️Анықтама үшін телефон 8-715-41-2-12-68
📌Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың көріну ықтималдығын болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтауға және кейіннен жоюға, Сіздің белсенді азаматтық ұстанымыңызға, байланысты!
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.
2025 жылғы 3 ақпаннан бастап 28 ақпанға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Барлық мүдделі тұлғалар талдау жүргізу барысында жұмыс тобының құрамында қатыса алады. Талдауға қатысу бойынша сұрақтармен 8(71541)21268 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Солтүстік Қазақстан обласы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика жән қаржы бөлімінің қызметкерлерімен интернет-адаяқтық факті бойынша бейнеролик қаралды.
✅️Жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру немесе жою онлайн-қызметі eGov.kz порталында қолжетімді
✅️Енді пайдаланушылар eGov.kz порталында онлайн режимінде өз жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын бере немесе жоя алады. Осы қызмет бойынша бұрын анықтама берген Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ процесті автоматтандыруға мүмкіндік берді.
✅️Мекенжайды беру жылжымайтын мүлік объектісіне мемлекеттік деректер қорында кейін сәйкестендіру үшін қажет ресми мәртебе береді. Бұл ақпарат меншік иелеріне өз мүлкін заңды түрде басқаруға мүмкіндік береді. Мекенжай коммуналдық жүйелерге (электр, су, газ), интернетке, пошталық жеткізілімге және басқа да көптеген қызметерге қосылу үшін қажет.
✅️Ресми️ мекенжайдың болуы меншік иесіне құқықтық даулар туындаған жағдайда мүлік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді, себебі жылжымайтын мүлік объектісі Мекенжай тіркеліміне енгізіледі. Сондай-ақ, мекенжайcыз жылжымайтын мүлікпен мәмілелер: сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға беру және басқа да заңды операциялар жасау мүмкін емес.
✅️Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді және ақысыз негізде ұсынылады.
Қызметті алу үшін:
• eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» - «Сатып алу, сату, жалдау» бөліміне өту;
• «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» қызметін таңдау;
• қызметке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
✅️Көрсетілетін қызметті алу нәтижесінде пайдаланушының жеке кабинетінде мекенжайды беру/жою туралы хабарлама-хат немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Сұрау салу мәртебесі нәтижені алған күнін көрсете отырып, Жеке кабинетте де көрсетіледі.
Қызметтің жаңартылған функционалы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.