2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы
Шешіміне қосымша (2021 жылға арналған Мамлют аудандық бюджеті)
2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы
2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы
Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №41/2 «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеттi бекiту туралы» шешiмiне өзгерiстер және толықтырулар енгiзу туралы» шешiмi нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында орналастырылған 2019 жылдың 21 тамызынан 2019 жылдың 9 қыркүйегiне дейiн және әзiрлеушi орган сайтында орналастырылды. Ұсыным Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының қоғамдық кеңесiмен 2019 жылдың 12 қыркүйегiнде 26 нөмiрмен ұсынылған.
СҚО Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң
экономика және қаржы бөлiмi
басшысы А. Биктимиров
2019 жылға Мамлют аудандық бюджетi
Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2019 жылғы 17 сәуiрдегi №49/2 «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарына 2019 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы» шешiмiне өзгерiс енгiзу туралы
«Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 26-бабына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысының 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты шешiм қабылдады:
1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарына 2019 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2019 жылғы 17 сәуiрдегi № 49/2 шешiмiне (2019 жылғы 25 сәуiрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде жарияланған, нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №5353 болып тiркелдi) келесi өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақтың 1) тармақшасы келесi редакцияда баяндалсын: «1) жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы».
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2019 жылға Мамлют аудандық бюджетi
Мамлютка қаласы № 2019 жыл
Солтүстiк Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
«2019-2021 жылдарға арналған аудандық
бюджеттi бекiту туралы»
2018 жылғы 21 желтоқсандағы №41/2
шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 106 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты шешім қабылдады:
1. Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №41/2 «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеттi бекiту туралы» шешiмiне (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №5116 болып тiркелдi, 2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде жарияланған) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
2. Осы шешiм 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстiк Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Солтүстiк Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының хатшысы
Р. Нұрмұқанова
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 18-бабы 2-тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мамлют ауданының азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 14 сәуiрдегi № 83 «Азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулысының (2017 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланды, Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 112310 болып тiркелдi) күшi жойылды деп танылсын.
3. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте:
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмi Р. Аңбаев
«КЕЛIСIЛДI»
Солтүстiк Қазақстан облысы
Мамлют ауданы
мәслихатының хатшысы
_______________Р.Нұрмұқанова
2019 жылғы «___» ________
«Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң қаулы жобасына
Анықтама
«Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулының жобасы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 18 бабы 2 тармақшасына, 139 бабы 9 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес қабылданды.
Пресс-релиз «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ресми интернет-ресурсында 2019 жылғы 17 шiлдеде орналастырылған. Сонымен қатар, қаулының жобасы «Электрондық Үкiмет» порталында ашық НҚА бөлiмiнде 2019 жылғы 1 шiлдеде орналастырылды. Талқылаудың басталуы 2019 жылғы 1 шiлдеде онлайн-тәртiбiнде, аяқталуы 2019 жылғы 15 шiлдеде онлайн-тәртiбiнде жүргiзiлдi. Онлайн-талқылаудың есебi 2019 жылғы 16 шiлдеде жарияланды. 2019 жылғы 13 маусымдағы қоғамдық кеңестiң ұсынымдары.
Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң
экономика және қаржы
бөлiмiнiң басшысы А. Биктимиров
Мамлютка қаласы № 2019 жыл
Солтүстiк Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
«2019-2021 жылдарға арналған аудандық
бюджеттi бекiту туралы»
2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 41/2
шешiмiне өзгерiстер және толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 106 және 109 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 41/2 «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеттi бекiту туралы» шешiмiне (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5116 болып тiркелдi, 2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде жарияланған) келесi өзгерiстер және толықтырулар енгiзiлсiн:
1 тармақ келесi редакцияда баяндалсын:
1. 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджетi 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның iшiнде 2019 жылға келесi көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер — 3878823 мың теңге:
салықтық түсiмдер — 426452 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер — 34918,9 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер — 20200 мың теңге;
трансферттер түсiмi — 3397252,1 мың теңге;
2) шығындар — 3880176,2 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу — 6677 мың теңге, соның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер — 15150 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу — 8473 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо — 0 мың теңге, соның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу — 0 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер — 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) — -8030,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) — 8030,2 мың теңге, соның iшiнде:
қарыздар түсiмi — 15150 мың теңге;
қарыздарды өтеу — 8473 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 1353,2 мың теңге.»;
6-1 тармақша келесi редакцияда баяндалсын:
«6-1. 2019 жылға Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют аудандық бюджетте «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бюджетiне аудандық бюджеттен берiлетiн нысаналы ағымды трансферттер көлемi 6775 мың теңге сомада көзделсiн.
2019 жылға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджетiнде аудандық бюджеттен «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң бюджетiне 2504 мың теңге сомада көзделсiн.».
7 тармақта:
1), 4), 5), 6) тармақшалары келесi редакцияда баяндалсын:
«1) 74392 мың теңге — мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi төлеуге;
4) 80345 мың теңге — нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде еңбек нарығын дамытуға, соның iшiнде:
ақпараттық жұмыс — 15 мың теңге,
жалақыны iшiнара субсидиялау — 5362 мың теңге,
көшуге субсидия беру — 22160 мың теңге,
жастар практикасы — 5681 мың теңге,
тұрғын үйдi жалға беру (жалдау) және коммуналдық шығындарды өтеуге — 15817 мың теңге,
жұмыс берушiлерге субсидиялар — 18180 мың теңге;
жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн қоныс аударушыларға арналған гранттар — 13130 мың теңге;
5) 402988 мың теңге — азаматтық қызметшiлердiң жекелеген санаттарының, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерiнiң, қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң жалақысын көтеруге;
6) 211707 мың теңге — бастауыш, негiзгi және жалпы орта бiлiм беру ұйымдарының мұғалiмдерi мен педагог-психологтарының еңбегiне ақы төлеудi ұлғайтуға;
7), 8), 9), 10), 11) тармақшалары алып тасталсын;
келесi мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
13) 23737 мың теңге — мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге;
14) 106542 мың теңге — моноқалаларда бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға — дамуға нысаналы трансферттер, соның iшiнде:
Мамлют ауданының Мамлютка қаласында жылумен жабдықтау желiлерiнiң құрылысы (1 кезек) — 46601 мың теңге,
Мамлют ауданының Мамлютка қаласында жылумен жабдықтау желiлерiнiң құрылысы (2 кезек) — 59941 мың теңге.».
8 тармақта:
3) тармақша келесi редакцияда баяндалсын:
«3) 26046 мың теңге — нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде еңбек нарығын дамытуға, соның iшiнде:
қоныс аударушылар мен оралмандар үшiн тұрғын үйдi жалдау (жалға алу) шығыстарын өтеуге субсидиялар — 8642 мың теңге,
мобильдi орталықтарда оқуды қоса алғанда, еңбек нарығында талап етiлген кәсiптер бойынша жұмысшы кадрларын қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 17404 мың теңге.».
Нұсқалған шешiмнiң 1, 4 қосымшалары осы шешiмнiң 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешiм 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстiк Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Солтүстiк Қазақстан облысы
Мамлют ауданы
мәслихатының хатшысы
Р. Нұрмұқанова
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 106 және 109 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 41/2 «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5116 болып тіркелді, 2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
1. 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 3460991 мың теңге:
2) шығындар – 3462344,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 6677 мың теңге:
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -8030,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 8030,2 мың теңге;
8 тармақ келесі мазмұндағы 6), 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) 70000 мың теңге – еңбекақы төлеу қоры;
7) 7769,1 мың теңге - Становое ауылындағы су құбырды тарату желілерін ағымдағы жөндеу;
8) 20000 мың теңге – Мамлют мәдениет орталығының материалдық-техникалық базасын нығайту және ғимараттың шатырын күрделі жөндеу.»;
келесі мазмұндағы 6-1 тармағымен толықтырылсын:
«6-1. 2019 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық бюджетте «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін нысаналы ағымды трансферттер көлемі 4710 мың теңге сомада көзделсін.»;
келесі мазмұндағы 13-1 тармақпен толықтырылсын:
«13-1. 2019 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары 10-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарға 1353,2 мың теңге сомасында бағытталсын.»;
14 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«14) 2019 жылға Мамлют ауданының жергілікті атқарушы органының резерві 40 мың теңге сомасында бекітілсін.».
Нұсқалған шешімнің 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Нұсқалған шешім осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес 10 қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Қ. Бекенов
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының хатшысы
Р. Нұрмұқанова

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Мамлют ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы» нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында орналастырылған 2019 жылдың 31 қаңтарынан 2019 жылдың 14 ақпанына дейiн. Ұсыным Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының қоғамдық кеңесiмен 2019 жылдың 28 қаңтарында 1 нөмiрмен ұсынылған
Экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы
А. Биктимиров
2018 жылға аудандық бюджеттi атқару