Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына,      139-бабы 9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің    міндетін атқарушы

 

   

  

 

Т. Мамашәріпов

Дата публикации
14 ноября 2025