ЖОБА
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 14 мамырдағы № 41/2 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1) кірістер – 5436874,8 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1399742,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 104747,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 200,4 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3932184,2 мың теңге;
2) шығындар – 5455645 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 251880,5 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 273728,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 21848 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -270650,7 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 270650,7 мың теңге;
қарыздар түсімі – 273728,5 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 21848 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 18770,2 мың теңге.
7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) 13030 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;»;
9-тармақта 21) тармақша алып тасталсын:
9-тармақтың 20), 24) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
20) 153000 мың теңге – Мамлют ауданы Воскресеновка ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге;
24) 17702 мың теңге - Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға, соның ішінде:
санаторлық-курорттық емделу – 1750 мың теңге;
протездік-ортопедиялық құралдар – 8219 мың теңге;
сурдотехникалық құралдар - 997 мың теңге;
тифлотехникалық құралдар - 2000 мың теңге;
арнаулы жүріп-тұру құралдары (кресло – арбалар) - 2349 мың теңге;
жаңа бастамалар – 2387 мың теңге;»;
9 тармақ келесі мазмұндағы 30), 31), 32) тармақшалармен толықтырылсын:
«30) 4454,8 мың теңге – ауылдық елді мекендерді дамыту және құрылысы схемаларын кезеңдік әзірлеу және түзету жөніндегі кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге;
31) 100000 мың теңге – Андреев ауылдық округі Андреевка ауылындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеуге;
32) 100000 мың теңге - Андреев ауылдық округі Бостандық ауылындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеуге.».
Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
төрағасы Ж. Кәрімова