Решение

    

ЖОБА

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының  2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 14 мамырдағы № 41/2 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 14 мамырдағы № 41/2 шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5200865,4 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1366463 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 30804 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3803598,4 мың теңге;

2) шығындар – 5219635,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 9608 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 31456 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 21848 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -28378,2 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                      – 28378,2 мың теңге;

қарыздар түсімі – 31456 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 21848 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 18770,2 мың теңге.

7-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«4) 14120 мың теңге - халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға;»;

7-тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) 100000 мың теңге – Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Новомихайловка ауылы мекенжайы бойынша ӘЖ-0,4 кВ және КТҚС 10/0,4 кВ салуға;»;

9-тармақ келесі мазмұндағы 26), 27), 28), 29) тармақшаларымен толықтырылсын:

«26) 17161 мың теңге - Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Новомихайловка ауылы мекенжайы бойынша ӘЖ-0,4 кВ және КТҚС 10/0,4 кВ салуға;

27) 34548,6 мың теңге - Воскресенов ауылдық округінің Искра ауылындағы сумен жабдықтау тарату желілерін салуға;

28) 82000 мың теңге – қазандық қуатын ұлғайтумен ағымдағы жөндеуге;

29) 5111,7 мың теңге – аудан орталықтары бас жоспарын түзетуге және түбегейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу жөніндегі кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге;».

9-тармақтың 1), 2), 3), 4), 9), 10), 14), 19), 20), 22) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) 104997,6 мың теңге - Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Дубровное ауылдық округі, Дубровное ауылы мекенжайы бойынша орналасқан, Дубровное ауылының сумен жабдықтау жүйесін салуға;

2) 57524 мың теңге – Новомихайлов ауылдық округінің Бексейіт ауылының сумен жабдықтау тарату желілерін салуға;

3) 36967 мың теңге – Становое ауылдық округінің Афонькино ауылындағы сукернеуіш құрылыстарды салуға;

4) 44311 мың теңге - Дубровное ауылдық округі Михайловка ауылындағы сумен жабдықтау тарату желілерін салуға;

9) 72935,7 мың теңге - Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Степное ауылы мекенжайы бойынша 400 басқа сүт-тауар фермасына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға (сыртқы электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау желілері);

10) 237940,5 мың теңге – Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Скачков көшесі 66В мекенжайы бойынша дене                 тәрбиесi-сауықтыру кешенін салуға;

14) 1000 мың теңге – Мамлют ауданы Мамлютка қаласында көшелерді орташа жөндеуге;

19) 44295 мың теңге - Мамлют ауданы Бике ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге;

20) 120000 мың теңге – Мамлют ауданы Воскресеновка ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге;

22) 8994,7 мың теңге - аудан орталықтары бас жоспарын түзетуге және түбегейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуге;

12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«12. Мамлют ауданының жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған резерві 4,0 мың теңге сомасында бекітілсін.

Келесі мазмұндағы 14-1 тармағымен толықтырылсын:

«14-1. 2025 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары 5-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарға 18770,2 мың теңге сомасында бағытталсын.».

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Көрсетілген шешім осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес 5 қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi.

 

 

          Солтүстік Қазақстан облысы

       Мамлют ауданы мәслихатының

                            төрағасы                                                              Ж. Кәрімова

                                                                        

                                                                                        

Дата публикации
28 мая 2025