Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының
2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы»
2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 50/3 шешіміне
өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 3801741,3 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1589032 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 36652 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2176057,3 мың теңге;
2) шығындар – 3748832,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 13828 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 34600 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 20772 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 39081,2 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -39081,2 мың теңге:
қарыздар түсімі – 34600 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 198254 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 124572,8 мың теңге.»;
7-тармақта:
6), 15) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
«6) 50000 мың теңге - КТММ-214 «М-51 «Челябинск-Новосибирск-Белое» 0-4,0 км жалпы пайдаланымдағы халықаралық маңызы бар автомобиль жолы» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуге;»;
«15) 50187,7 мың теңге - жасанды жабынды шағын футбол алаңын орналастыруға, соның ішінде:
Белое ауылдық округі, Белое ауылында – 20000 мың теңге,
Пригород ауылдық округі, Покровка ауылында – 9987,7 мың теңге,
Краснознамен ауылдық округі, Краснознаменное ауылында – 9600 мың теңге,
Қызыләскер ауылдық округі, Қызыләскер ауылында – 10600 мың теңге;»;
19) тармақша алып тасталсын;
21) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«21) 19824 мың теңге – үйде әлеуметтік көмек бөлімшелерін ағымдағы ұстауға.»;
келесі мазмұндағы 26), 27) тармақшалармен толықтырылсын:
«26) 50000 мың теңге – КТММ-226 «КТ-22 «Становое-Новомихайловка-Минкесер» облыстық маңызы бар автомобиль жолы - «Сенжарка-Николаевка» автожолы – КТ-4 «Новоникольское-Андреевка-Бостандық-Новомихайловка» (Бексейіт-Бостандық) 0-6,2 км облыстық маңызы бар автомобиль жолы» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуге;
27) 50000 мың теңге – Андреев ауылдық округі Андреевка ауылы көшелерін орташа жөндеуге.»;
11-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11-1. 2026 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары 5-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарға 124572,8 мың теңге сомада бағытталсын.».
Көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
төрағасы Ж. Кәрімова