Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 50/3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының  2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 50/3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 50/3 шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3756843,6 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1565491 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 24229 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 2167123,6 мың теңге;

2) шығындар – 3610934,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 13828 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 34600 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 20772 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 132081,2 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                      – -132081,2 мың теңге:

қарыздар түсімі – 34600 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 198254 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 31572,8 мың теңге.»;

7-тармақта:

15), 16) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

«15) 80000 мың теңге - жасанды жабынды шағын футбол алаңын орналастыруға, соның ішінде:

Белое ауылдық округі, Белое ауылында – 20000 мың теңге,

Пригород ауылдық округі, Покровка ауылында – 20000 мың теңге,

Краснознамен ауылдық округі, Краснознаменное ауылында – 20000 мың теңге,

Қызыләскер ауылдық округі, Қызыләскер ауылында – 20000 мың теңге;

16) 45000 мың теңге – мәдениет мекемелерін ұстауға;»;

келесі мазмұндағы 21), 22), 23), 24), 25) тармақтармен толықтырылсын:

«21) 15912 мың теңге – үйде әлеуметтік көмек бөлімшелерін ағымдағы ұстауға;

22) 50000 мың теңге – Мамлютка қаласында көше жарығын салуға;

23) 50000 мың теңге – Белое ауылында мәдениет үйін күрделі жөндеуге;

24) 50000 мың теңге – «Мамлютка-Қостанай»-Воскресеновка-Боголюбово-Надежка»-Новомихайловка» 0-20 км» А-21 республикалық маңызы бар а/ж» КТММ-6 аудандық маңызы бар а/ж» КТММ-8 аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуге;

25) 10000 мың теңге – Мамлют мәдени орталығын субсидиялауға.»;

келесі мазмұндағы 11-1-тармағымен толықтырылсын:

«11-1. 2026 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары 5-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарға 31572,8 мың теңге сомада бағытталсын.».

Көрсетілген шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 -қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Көрсетілген шешім осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi.

 

 

          Солтүстік Қазақстан облысы

        Мамлют ауданы мәслихатының

                            төрағасы                                                              Ж. Кәрімова

                                                                        

Дата публикации
29 мая 2026