
Мемлекеттік сатып алу саласы әртүрлі деңгейлерде ең көп талқыланатын салалардың бірі болып табылады. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге ерекше тоқталып, мемлекеттік сатып алу жүйесін өзгерту туралы айта келе, мемлекет басшысы тиісті нормативтік-құқықтық актілердің нормалары, сондай-ақ қатысушыларға қойылатын талаптар әртүрлі түсіндірілмеуі тиіс екенін атап өтті. Мемлекеттік тапсырысты жосықсыз орындағандардың жеке мәселесі мен жауапкершілігі.
Бюджет қаражатын тиімді жұмсау мақсатында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады және мынадай қағидаттарқа негізделеді:
1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасы арақатынасын қамтамасыз ету арқылы оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
4) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;
5) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ отандық жұмыстарды орындаушылар мен қызметтерді көрсетушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;
6) мемлекеттік сатып алу субъектілерінің жауапкершілігі;
7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына, мүдделер қақтығысына жол бермеу;
8) орнықты мемлекеттік сатып алуды дамыту.
Тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген ақша немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 207 б. 13 б. сәйкес (бұдан әрі –Кодекс) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмау немесе уақтылы орналастырмау, сол сияқты мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын экономикалық сыныптаманың мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін өзіндік ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтығында бюджетке (даму жоспарына), Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақшаға немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекіту (нақтылау) – лауазымды адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді».
207 б. 13 б. сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді».
Сонымен 2025 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен, ауылдық округтер және Мамлютка қ. әкімдіктерімен мемлекеттік сатып алу веб-порталына жалпы сомасы 2 948,9 млн. теңгеге 1694 жоспар тармағы бекітілді және орналастырылды.
Заңның жаңа редакциясында сатып алу процесі рәсімдерінің мерзімдерін қысқартуға, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуге және бәсекелестікті дамытуға бағытталған нормалар қамтылған.
Сонымен Заңның 10 бабы 1 тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
1) конкурс;
2) аукцион;
3) баға ұсыныстарын сұрату;
4) бір көзден алу;
5) электрондық дүкен арқылы.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу, егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспаса (31456 мың теңге), осындай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге өткізіледі. Бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылы ішінде біреуінің мөлшері осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделгеннен аз болатын бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді.
2025 ағымдағы жылы бюджет қаражатын уақытылы игеру және шарттар жасау мақсатында отандық тауар өндірушілер үшін тауарды жеткізудің ең төмен мерзімін 15 күнтізбелік күннен 60 күнтізбелік күнге ұлғайтуға, сондай-ақ жеткізілген тауарға төлем мерзімін 30 күнтізбелік күннен 10 күнтізбелік күнге азайтуға ерекше назар аударуды сұраймыз.
Тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеделдетіп сатып алуы және оларға үлкен дербестік беру мақсатында тауарлардың бір көзден алу әдісімен 100 АЕК (393,2 мың теңге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді - 500 АЕК (1 966 мың теңге) дейінгі сомаға сатып алуды жүзеге асыру құқығы көзделген. Ауыл әкімдіктері үшін мұндай тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шегі 3000 АЕК-тен (11 796 мың теңге) 4000 АЕК-ке (15 728 мың теңге) дейін ұлғайтылды.
Заңның 16-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің шешімі негізінде, шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілін таңдаудың тиісті негіздемесімен және Заңның 5-бабының 1-тармағының 1), 4), 6) және 7) тармақшаларымен көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаты сақтала отырып жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған тұлға жоғарыда көрсетілген қағидаттарды сақтауға жеке жауапкершілікте болады.
Кодекстің 207 б. 11 б. сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді».
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 207 б. 10, 10-1, 10-2 б. сәйкес әкімшілік жауапкершіліктен құтылуға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс берушінің өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі – лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді».
«Соттардың мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысының 3 тармағына сәйкес бұл мерзімдер түпкілікті болып табылады, осы мерзімдердің өтуі әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Талап қоюшының талап арызды берудің өткізілген мерзімін қалпына келтіруі мүмкін еместігі жеткізушінің оны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізбесіне енгізуден жалтару тәуекелін тудырады.
Сонымен 2025 жылғы 8 айға тапсырыс берушілер деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамауына сотпен жосықсыз қатысушылар ретінде танылды, сондай-ақ жалпы сомасы 129,6 млн. теңгеге шарттар жасаған жосықсыз қатысушылар тізбесіне 5 жеткізуші енгізілді:
1) Тапсырыс беруші «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сот шешімі негізінде «МКК-Элит Строй» ЖШС жосықсыз қатысушылар тізбесіне енгізілді – СҚО Мамлют ауданы Қызыләскер ауылы көшелерінің автомобиль жолын орташа жөндеу.
2) Тапсырыс беруші «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сот шешімі негізінде «Дулате» ЖК жосықсыз қатысушылар тізбесіне енгізілді – түбінен қопарылған материалдарды жинау және реттеумен аудандық маңызы бар жолдардың жер төсемі жол шеті және құламаларында бұталар, ағаштар және жабайы өсімдіктерді қопару.
3) Тапсырыс беруші «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сот шешімі негізінде «Тұрдыбек» ЖК жосықсыз қатысушылар тізбесіне енгізілді – ноутбукты ағымдағы жөндеу.
4) Тапсырыс беруші «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен сот шешімі негізінде «SGV trade» ЖШС жосықсыз қатысушылар тізбесіне енгізілді – ноутбуктер сатып алу.
5) Тапсырыс беруші «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Леденев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сот шешімі негізінде «Яковлев» ЖК жосықсыз қатысушылар тізбесіне енгізілді – бензин электрстанса сатып алу (генератор).
Осыған байланысты бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және ауылдық округтер әкімдері кiнәрат-қуыным жұмысын жүргізуге бақылауды күшейту қажет.
Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау туралы құжаттар (тауарды қабылдау-тапсыру актісі, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі, шот-фактура) электрондық нысанда рәсімделеді және веб-портал арқылы бағытталады, бұл тапсырыс беруші және жеткізушінің тікелей байланысын болдырмайды.
Одан басқа Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу ҚР ӘҚБТК 640 б. 4 т., 5 т. сәйкес:
4) Тіркеу куәлігін иеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін құқыққа сыйымсыз қол жеткізуден және пайдаланудан қорғау үшін, сондай-ақ ашық кілттерді сақтау бойынша шараларды қолданбауы – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЭЦҚ қол қоюшы тұлғаның өз қолымен қол қою және бірдей заңды салдарға теңмәнді екенін есте сақтау маңызды.
Осыған байланысты ЭЦҚ үшінші тұлғаларға бермеуге, жоғалту жағдайында дереу оны қайта шығаруды, сондай-ақ стандарттыдан аса күрделі құпиясөзге ауыстыруды ұсынамын.