
Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мешікті басқару саласында коммуналдық меншік объектілерін тиімді пайдалануды, сақтауды және есепке алуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік активтерді басқару кезінде ашықтық және заңдылық қағидаттарын сақтауға бағытталған, жүйелі жұмысты жүргізеді.
Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру бойынша жұмыс анық және бәсекелік негізде жүзеге асырылады. Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысымен, аукцион арқылы жекешелендіруге және іске асыруға жататын, объектілер тізбесі бекітіледі. Жекешелендіру объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген, жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларына сәйкес қатаң тәртіппен жүзеге асырылады. Барлық жалдау шарттары рәсімнің ашықтығын қамтамасыз ететін, жалдау ақысы есептемесін қоса бере отырып, заңнамамен белгіленген тәртіппен рәсімделеді және жемқорлық тәуекелдерінің алдын алады.
2026 жыл басынан коммуналдық меншік объектілерін жалдау бойынша 6 шарт, соның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша 5 шарт жасалды.
Ерекше назар иесіз мүлікті анықтау, есепке алу және рәсімдеу мәселелеріне бөлінеді. Экономика және қаржы бөлімі иесіз жылжымайтын мүлік объектілерін есепке қою бойынша жұмысты жүргізеді. Заңнамамен белгіленген мерзім өткеннен кейін сот органдарына Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына сәйкес мүлікті коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы өтінішті жібереді. 2026 жылғы наурызда жалпы сомасы 279,9 мың теңгеге 1 объект аукционда сатылды.
Бұдан бөлек мемлекеттік мүліктің тиімді пайдаланылуын арттыру мақсатында коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру бойынша жұмыс жүзеге асырылады. Объектілерді беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару Үлгілік шартына сәйкес электрондық тендер арқылы конкурс негізінде жүргізіледі.
Сенімгерлік басқаруға беруге жататын, объектілер тізбесі Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Баланс ұстаушы және сенімгерлік басқарушы арасында конкурстық рәсім қорытындысы бойынша 3 жылдан 5 жылға дейін мерзімге сенімгерлік басқару шарты жасалады, бұл коммуналдық мүлікті тиімді пайдалануға, оның кірістілігін арттыруға және қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге себепші болады.
Ағымдағы жылғы 19 маусымда «СҚО Мамлют ауданы Становое ауылы аумағында антеналық-діңгектік құрылыстар салу» объекті бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға конкурс жарияланды, конкурс қорытындысы 7 шілде сағат 10-00 белгіленді.
«Транстелеком» акционерлік қоғамы жеңімпаз болды. Сатып алу-сату шарты жасалды, төлем күтілуде.
2026 жылғы 16 тамызда төлем толық көлемде жасалды.
2026 жылғы 17 тамызда сатушы және сатып алушы арасында қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылды.
2026 жыл басынан мемлекеттік ұйымдар арасында коммуналдық меншік мүлкін беру және қабылдау бойынша Мамлют ауданы әкімдігінің 35 қаулысы қабылданды.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық сотының шешімі бойынша қайтыс болған азамат М.Г. Радченкодан тұрғын үйдің ½ үлесі өнімсіз мүлік коммуналдық меншікке қабылданды.
2026 жылғы 22 қыркүйекте Мамлют ауданының коммуналдық меншігіне мүлікті қабылдау және «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ бекіту туралы қаулы қабылданды.
2026 жылғы 28 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Белое ауылдық округі, Белое ауылы, Береговая көшесі, 1 үй мекенжайы бойынша орналасқан, тұрғын үйге нарық құнын бағалау туралы есеп сатып алынды.