Меню

Страницы

Статья

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2021 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің қорытындылары» мақаласы

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының

2021 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің қорытындылары» мақаласы

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының сыртқы мемлекеттік аудит  жүргізетін  орган  ретіндегі негізгі мақсаты  жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор нысандарының  активтерін басқару мен пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады,
өз қызметін Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының нормаларына сәйкес және  www.rkastana.gov.kz сайтында орналастырылған тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі  негізінде жүзеге асырады.

Сонымен, Тексеру комиссиясы 2021 жылдың 1 тоқсанында
2 аудиторлық тексеру  іс–шарасы бойынша отырыс  өткізіліп,  23 нысан  қамтылды, оның ішінде мемлекеттік органдар мен мекемелерінде – 13; квазимемлекеттік сектор нысандарында - 10. Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы сомасы 31 984,4 млн.теңгені құрады.

 Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша жалпы сомасы
26 492,7 млн. теңге немесе аудитпен қамтылған қаражат көлемінің  82,8%   бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

1) қаржылық  бұзушылықтар - 3 667,9 млн. теңге сомасында орын алды, олар бюджетке өтелуге және/немесе құжаттарды сәйкестікке келтірілуге және/немесе жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтірілуге тиісті;

2) бюджет қаражаттарының  тиімсіз  пайдаланудан туындаған бұзушылықтар - 969,9 млн. теңгені;

3) тиімсіз жоспарлаудан туындаған бұзушылықтар - 21 854,9 млн.теңгені құрады.

Сонымен қатар, аудит нысандарының қызметінде рәсімдеу тәртібінің  сақталмауы бойынша 208 бұзушылық және 110 жүйелі кемшілік анықталды.

Қаржылық бұзушылықтардан бүгінгі күні өтелуге жататын 710,7 млн. теңгеден 275,3 млн. теңге (38,7) төленді, 2,957,2 млн.теңгеден 2071,3 млн. теңге (70) қайтарылды.

Есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар бюджетті жоспарлау кезінде елеулі кемшіліктер орын алғанын, оның ішінде кейбір жағдайларда бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға әкеп соқтыратын, тиімсіз жоспарлаудың бар екенін көрсетті. Аудит жүргізілген нысандарда бюджет шығыстарын жоспарлау, бухгалтерлік есептеме жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде бюджет қаражаты шығындарының негізділігі жөніндегі бюджеттік жүйенің қағидаттары сақталмайды. Мысалы, Білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің стипендиясын арттыруға бөлінген бюджет қаражаты шығындарының негізділігіне қатысты бюджет жүйесінің қағидаты бұзылған, осылайша
1 студенттің шығын нормаларын көбейту арқылы 76,4 млн.теңге сомаға бюджет қаражатының көлемі негізсіз жоспарланғаны анықталды.

Сонымен қатар, жекелеген жағдайларда бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту кезінде Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптары сақталмайды.  Мысалы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында 2020 жылға арналған 008, 016 және 053 бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелері Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың нақтыланған бағдарламасында айқындалған нысаналы индикаторларына сай емес. Сондай-ақ, аудит барысында Ішкі саясат басқармасы рұқсат етілген  тікелей нәтижелердің жоспарлық көрсеткіштерін болмауы және жиі түзетулер енгізуі, жоспарлау кезеңінде жауапсыздықпен қарауы бюджеттік  қауіп туғызатыны, сондай-ақ тікелей нәтиже көрсеткіштерінің сапасыз атқарылуына алып келетіні атап өтілді.

Дағдарысқа қарсы бөлінген қаражаттың аудиторлық іс-шаралары барысында да белгілі бір бұзушылықтар мен кемшіліктер орын алғанын атап өту қажет. Мысалы, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде көзделген дағдарысқа қарсы іс-шараларды іске асыру кезінде 470 адамға жастар еңбек практикасын  ұйымдастыруға бөлінген 246,5 млн.теңге бюджеттік қаражаттың 233,3 млн. теңге сомасы игерілмеді. Іс жүзінде жастар еңбек  практикасы тек 209 адамға ғана ұйымдастырылып, 13,2 млн.теңге ғана жұмсалды.

Аудиторлық іс-шаралар бойынша нақты толық ақпарат Тексеру комиссиясының ресми сайтында www.rkastana.gov.kz орналастырылған.

Аудиторлық іс-шаралар кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша 2021 жылдың 1 тоқсаны ішінде аудит нысандарын тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сот және құқық қорғау органдарымен өзара бірлескен іс-қимыл жұмыстар жүргізілді.

Осылайша, бұзушылықтарға жол берілген үшін 22 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Уәкілетті органдарға және сотқа шешім қабылдау үшін 49 факт бойынша материалдар жолданды, оларды қарау нәтижелері бойынша:

 - 39 факт бойынша 5 512,8 мың теңге айыппұл салынған заңды және лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды;

 - 3 факт бойынша әкімшілік іс жүргізу қаралу үстінде;

 - 7 факт бойынша әкімшілік іс қозғаудан бас тартылды.

Сондай-ақ, құрамында қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасына тексеру және процестік шешім қабылдау үшін 7 материал жіберілді.

Сонымен қатар, есепті кезеңде Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне, жергілікті атқарушы органдарға және аудит нысандарына олардың жұмыстарында  анықталған  бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы  5 ұсыным мен 60 тапсырма жолданды.

Елордада қаржылық тәртіпті нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Тексеру комиссиясы бюджеттік қаражаттың және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін арттыруға, Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларын бұзушылықтардың алдын алуға және оларды барынша азайтуға бағытталған іс-шараларды жалғастыра беретін болады.

 

 

«Нұр –Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ

Дата публикации
08 сентября 2025
Дата обновления
08 сентября 2025
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

18 января 2026
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша шаралардың жоспары
18 января 2026
Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі
08 января 2026
Аудиторлық қорытындылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы