Меню

Страницы

Статья

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2020 жылғы 12 айдағы қызметінің қорытындылары» мақаласы

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының

2020 жылғы 12 айдағы қызметінің қорытындылары» мақаласы

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының сыртқы мемлекеттік аудит органы ретіндегі негізгі міндеттері халықтың өмір сүру жағдайлары сапасының серпінді өсуін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстарды (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқаруды талдау, бағалау және тексеру жүргізу болып табылады.

Тексеру комиссиясының осы функцияларды орындауы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес бюджетті жоспарлаудың, атқарудың және активтерді басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Осылайша, 2020 жылдың 12 айында 12 аудиторлық іс-шара өткізілді, олар жалпы сомасы 575 333,7 млн. теңге 68 аудит объектісін қамтыды, атап айтқанда:

- мемлекеттік органдарда –  461 049,7 млн. теңге;

- квазимемлекеттік сектор субъектілерінде – 114 284,0 млн.теңге.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 107 941,6 млн.теңгені құрады, соның ішінде, қаржылық бұзушылықтар 28 458,3 млн. теңге немесе 26,4%; тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен активтер  – 27 755,7 млн. теңге немесе 25,7%; тиімсіз жоспарлау – 51 727,6 млн. теңге немесе 47,9%.

Сонымен қатар, аудит объектілерінің қызметінде 1 553 рәсімдік бұзушылық және 479 жүйелік кемшілік анықталды.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша  2 122,5 млн. теңге өтелуге, 26 335,9 млн. теңге қалпына келтіруге ұсынылды, соның ішінде:

– өтелгені - 894,8 млн. теңге немесе 42,1%;

– қалпына келтірілгені - 18 960,6 млн. теңге немесе 72,0%.

Аудит қорытындылары бойынша объектілер бюджеттік бағдарламаларды жоспарлаудың тиісті деңгейін әрдайым қамтамасыз ете бермейтіні атап өтілді, бұл өз кезегінде бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуының салдарынан болып табылады. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы бойынша жасыл желектерді отырғызуға 016 бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау (жасыл белдеуді ұстау бөлігінде) 2 898,6 млн.теңгені құрады, сондай-ақ, 51,4 млн. теңге сомада бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілген.

Аудиторлық іс-шаралар бөлінісінде неғұрлым толық ақпаратпен Тексеру комиссиясының www.rkastana.gov.kz ресми сайтынан танысуға болатынын атап өтеміз.

Анықталған бұзушылықтарды талдау бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту кезінде жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамайтынын көрсетеді. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдердегі шығыстар сомасын толық, дұрыс және негіздейтін ақпаратпен растамады, кейбір бюджеттік бағдарламалардағы түпкілікті нәтиже көрсеткіштері белгіленген критерийлерге сәйкес келмейді, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепте бірқатар бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштері олардың нақты деректеріне сәйкес келмейді.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша қаражатты қалпына келтіру және өтеумен қатар аудит объектілеріне тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік шаралары бұзушылықтарға ден қоюдың негізгі шаралары болып қала береді.

Осылайша, 2020 жыл ішінде жол берілген бұзушылықтар үшін                     161 лауазымды тұлға жауапкершілікке, соның ішінде, тәртіптік жауапкершілікке - 70, әкімшілік жауапкершілікке - 91 тұлға (жалпы сомасы 8,6 млн.теңге айыппұл салынды) тартылды.

Сонымен қатар, 2020 жылы жергілікті атқарушы органдарға, уәкілетті органдарға, мемлекеттік басқару органдарына және аудит объектілеріне жұмыста анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша                  35 ұсыным мен 237 тапсырма жолданды.

Мәслихатқа және Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне тұрақты негізде барлық проблемалық мәселелер бойынша тиісті ақпарат жолданады.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын қолдауға бағытталған іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ, короновирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды орындау мақсатында Тексеру комиссиясы 2020 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап әлеуметтік саладағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, абаттандыруға, жолдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, сондай-ақ, медициналық препараттар мен вакциналар сатып алуға, әлеуметтік көмек көрсетуге арналған қаражатты қамтитын дағдарысқа қарсы бөлінген қаражаттың игерілуіне мониторинг жүргізді.

2021 жылдың 1 қаңтарында жалпы сомасы 210 658,9 млн.теңге бөлінген қаражаттан 206 443,4 млн. теңге игерілді.

Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бойынша дағдарысқа қарсы қаражат бойынша бюджеттің атқарылу пайызы 98,0% - ды құрады, бұл Құрылыс басқармасы тарапынан бақылаудың жеткіліксіз болуына байланысты, бюджеттің атқарылуы барысында тәуекелдер уақтылы анықталмаған және бюджет қаражатын сапалы игеру бойынша тиісті шаралар қолданылмаған.

Сонымен қатар, дағдарысқа қарсы қаражатқа жүргізілген аудиторлық іс-шаралар барысында құрылыс конструкцияларынан анықталған ақауларға, бухгалтерлік есеп туралы заңнаманы бұзушылықтарға, жұмысқа орналастырылған жұмыссыз азаматтардың саны бойынша деректердің дұрыс болмауына байланысты жұмыстар мен жекелеген қызметтердің көлемдерін нақты орындамай төлеу, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және жобаларды мақсатқа сай іске асырмау бөлігінде бұзушылықтар анықталды. Мысалы: Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бойынша ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, үш нысан бойынша 163 жұмыс орнын құру жоспарланған, ал бюджеттік бағдарламада кемінде 42 жұмыс орнын құру көзделген, аудит барысында мердігерлік ұйымдар 68 уақытша қызметкерді жұмысқа орналастыру туралы ғана есеп берген.

Ағымдағы 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін арттыруға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау және бағалауға бағытталған іс-шараларды жалғастыратын болады.

 

 

 

Дата публикации
08 сентября 2025
Дата обновления
08 сентября 2025
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

18 января 2026
Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі
18 января 2026
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша шаралардың жоспары
08 января 2026
Аудиторлық қорытындылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы