Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың уәкілетті органы ретінде Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қызметінің мақсаты жергілікті бюджет қаражатының, мемлекет және квазимемлекеттік субъектілер активтерінің басқарылу және пайдаланылу тиімділігін арттыру болып табылады.
Жүктелген өкілеттіктерді іске асыру шеңберінде Тексеру комиссиясы 2020 жылғы 1 тоқсанда 21 аудит объектісінде жалпы көлемі 86 692,6 млн. теңге сомаға бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін қамтыған 3 аудиторлық іс-шара бойынша қорытындыларды шығарды, атап айтқанда:
- мемлекеттік органдарда – 30 908,6 млн. теңге;
- квазимемлекеттік сектор субъектілерінде – 55 784,0 млн. теңге.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 12 099,2 млн. теңгеге немесе аудитпен қамтылған қаражат көлемінің 14,0%-ын құрайтын бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
Сондай-ақ, аудит объектілерінің қызметінде 564 рәсімдер тәртібін орындаудың бұзылушылықтары және 212 жүйелік кемшілік анықталды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, коммуналдық мүлікті пайдалану және т. б. салаларда орын алады.
Бұзушылыққа жол бергені үшін мемлекеттік аудит объектілерінің 14 лауазымды адамы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен бірге, Тексеру комиссиясының қызметі бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, сонымен қатар жүйелі кемшіліктер мен проблемалық мәселелерді, сондай-ақ оларды шешу жолдарын анықтауға бағытталған.
Осылайша, қызметіндегі анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында есепті кезең ішінде жергілікті атқарушы органдарға, уәкілетті органдарға, мемлекеттік басқару органдарына және аудит объектілеріне 11 ұсыным мен 78 тапсырма жіберілді.
Анықталған бұзушылықтарды талдау бұзушылықтарға жол берудің себептері:
Әрбір аудиторлық іс-шара кесіндісіндегі толығырақ ақпаратпен www.rkastana.gov.kz сайтында танысуға болады.
Уәкілетті органдарға 17 материал жіберілді, соның ішінде 10 материалы қаралды (1 324,8 мың теңге сомаға айыппұл салынды), 6 материал қарау сатысында, бірі бойынша іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Құқық қорғау органдарына мемлекеттік аудиттің 2 материалы жіберілді.
Сонымен қатар, Тексеру комиссиясы 4 әкімшілік іс қозғады және 835,1 мың теңге сомаға айыппұл салынды.
Барлық проблемалық мәселелер бойынша тиісті ақпарат тұрақты негізде Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына және қала әкіміне жіберіледі.
Тексеру комиссиясы елордада қаржылық, бюджеттік және салықтық тәртіпті нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы, төтенше жағдай режимін ескере отырып, жұмсалатын бюджет қаражатының тиімділігін және барлық қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзушылықтарды алдын алу және оларды азайту жөніндегі іс-шараларды жалғастыратын болады.