Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Дәлелдерді жинаңыз:
    • Бұзушылықтарды фото, аудио немесе бейне жазбаға түсіріп алыңыз.
    • Тасымалдаушының атауы мен оның байланыс деректерін нақтылаңыз.
    • Жол жүру билетін сақтаңыз.
  2. Өтініш жіберіңіз:
    • е-Otinish порталы арқылы «Өтініш беру» қызметін таңдау арқылы электронды түрде жіберіңіз.
    • Электрондық пошта арқылы: өтінішті dsekt@dsm.gov.kz электрондық поштасына жіберіңіз.
    • Өтінішті қағаз түрінде Астана қ., Қарасай батыр көшесі, 2а мекенжайындағы Департамент кеңсесіне немесе Департаменттің кез келген аумақтық органына жеке өзіңіз апарыңыз.

Өтініштің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар ӘРПК 63-бабына сәйкес:

  1. Ауызша нысанда берілген өтінішті оны қабылдаған лауазымды тұлға немесе әкімшілік орган қызметкері жеке хаттамаға жазады.
  2. Жазбаша (қағаз және/немесе электрондық) нысанда берілген өтініште, хаттамада келесі мәліметтер көрсетіледі:
    1. Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), ЖСН (болған жағдайда), жеке тұлғаның пошталық мекенжайы немесе заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда);
    2. Өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды тұлғаның атауы;
    3. Өтініштің мәні;
    4. Өтініштің берілген күні;
    5. Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы;
    6. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да мәліметтер.