GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Кент туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Мемлекеттік қызметтер
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке  көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.

QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.

Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕАҚ

 

 

 

13 октября 2026
Әкім сағаты
Әлеуметтік қорғау
13 октября 2026
МЕЙІРІМ, ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН ЫҚЫЛАС - ӘРБІР АДАМҒА!

10 қазанда Новодолинский кентінде Мүгедектігі бар адамдар күніне арналған іс-шара өтті.

Бұл күні ерекше қамқорлықты, қолдау мен шынайы жылулыққа зәру балаларға ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар үшін музыкалық бағдарлама және шығармашылық шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара балаларға өз қабілеттерін ашуға, жаңа дағдыларды меңгеруге және көтеріңкі көңіл күй сыйлауға мүмкіндік берді.

Осындайкездесулербірбірімізгежанашырлықтанытудыңмейірімділікпенқайырымдылықтыңмаңыздылығынескесалады. Әрбір адам өзін қоғамның қажетті әрі маңызды мүшесі ретінде сезінетін орта қалыптастыру — баршамызға ортақ міндет.

Осыкүнніңерекшеәріестеқаларлықтайөтуінеүлесқосқанбаршаазаматтарғашынайыалғысымыздыбілдіреміз

Көрсеткенқайырымдылықкөмегіүшінкенткәсіпкерлеріне

* ЖК Богородская К.П.;

* ЖК Филимончева В.Н.;

* ЖК Ганенко Д.;

* ЖК Маймакова С.Д.;

* ЖК Липатова А.С.;

* ЖК Агибаева С.М. алғыс айтамыз.

Сонымен қатар шығармашылық шеберлік сабағын өткізген Кохқа Изабелла, қолдауы мен жанашырлығы үшін депутат Максат Жумабаевичке, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастыруға белсенді қатысып, қолдау көрсеткен Жастар ресурстық орталығына ерекше алғыс білдіреміз.

 Қолдау білдіріп, бейжай қалмай, осы игі іске өз үлесін қосқан әрбір жанға рақмет! Сіздердің жанашырлықтарыңыз бен ізгі жүректеріңіздің арқасында балаларға қуаныш сыйлап, оларға қамқорлық пен қолдаудың әрдайым бар екенін сезіндіре аламыз.

Осындай игі істер баршамызды біріктірсін! Әр жүректе мейірім мен жанашырлық ұялап, әр шаңырақта денсаулық, береке-бірлік және жан жылуы салтанат құрсын!

 Новодолинский кенті әкімнің аппараты» ММ

ТКШ
Құрылыс
Шағын және орта бизнес
Экономика
12 октября 2026
Новодолинский кентінің тұрғындарымен кездесу өтті

Кездесу барысында 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.

Кентті абаттандыру және дамыту бағытындағы маңызды мәселелері қаралып, тұрғындардың ұсыныстары тыңдалды. Кездесу өзекті мәселелерді талқылауға және тұрғындармен ашық диалог орнатуға мүмкіндік берді.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

09 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:

- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;

- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;

- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;

- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;

- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;

- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;

- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.

Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.

Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.

«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.

Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.

Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

 

Білім беру
05 октября 2026
Құрметті ұстаздар, білім беру саласының ардагерлері мен қызметкерлері!

Сіздерді Ұстаздар күнімен құттықтаймын!

Еңбектеріңіз, даналықтарыңыз және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздерге амандық, құрмет, шабыт және жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.

Әлеуметтік қорғау
01 октября 2026
Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара

1 қазан күні Новодолинский кентінде Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Біздің ардақты аға буын өкілдеріне арнап мазмұнды  мерекелік бағдарлама дайындалды.

Қонақтарға көтеріңкі көңіл күй, жылы әсер мен жағымды эмоция таратан жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

Концерттік бағдарламадан кейін барлық қатысушыларға арнап жайлы ортада дастархан жайылып, жылы шырайлы шай дастарханы ұйымдастырылды.

Мерекелік дастарханды ұйымдастыруға Новодолинский кентінің келесі кәсіпкерлері қолдау көрсетті: «Свиридова В.Н.» ЖК,«Нурланов Ж.Е.» ЖК, «Тауешкина Г.» ЖК, «Бауэр О.В.» ЖК, «Перевезенцова О.Ю.» ЖК, «Абуталипов С.Б.» ЖК, «Жунусова К.Р.» ЖК, «Котенко А.М.» ЖК, «Шишов Ф.А.» ЖК, «Чиркова Н.Г.» ЖК, оларға ізгі ниеті мен жанашырлығы, көрсеткен қолдауы және осы мерекелік шараның өтуіне қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!

Мерекелік шара жылы, жанға жайлы әрі достық атмосферада өтті. Қонақтарымыз бір-бірімен еркін әңгімелесіп, концерттік қойылымдарды тамашалап, көтеріңкі көңіл күймен бөлісті.

Әсіресе қарт тұрғындарымыздың жүзіндегі қуанышты күлкіні көріп, ұйымдастырушыларға айтқан жылы лебіздерін есту біз үшін ерекше қуаныш болды. Бұл күн әрбір қатысушыға көңіл бөлу мен қамқорлықты сезіндіріп, шынайы мерекелік көңіл күй сыйлады деп сенеміз.

Құрметті аға буын өкілдеріне шын жүректен зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен берекесін, шаңырақ жылулығын тілей отыра, жақындарының мейірімі мен ықыласына бөленсін дегіміз келеді!

«Новодолинский кенті әкімнің аппараты» ММ

28 сентября 2026
Құрметті Новодолинский кентінің тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, облыстың барлық деңгейдегі әкімдерінің 2026 жылға арналған халықпен кездесулерінің икемді күнтізбесі әзірленді, оған сәйкес 2026 жылғы 9 қазанда сағат 16.00-деНоводолинский кентінің мәдениет үйінде Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков Мұрат ЕсетұлыныңНоводолинский кентінің тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Қала әкіміне жеке сұрақ немесе шағым беруге ниет білдірген барлық адамдар үшін кездесу аяқталғаннан кейін тікелей азаматтарды қабылдау ұйымдастырылады. Қабылдауға алдын ала жазылу Новодолинский кентінің әкімі аппаратының қабылдау бөлмесінде және 59514 телефоны бойынша жүргізіледі.

Сонымен қатар, арнайы орнатылған жәшіктер немесе «жедел желі» телефоны арқылы қала әкіміне өз ұсыныстарыңызды білдіріп, сұрақтарыңызды қоюға болады.

Шахтинск қаласы әкімінің аппараты

 

Елді мекен

Жәшіктердің орналастырылған жері

Мекенжайы

«Жедел желі» телефоны

Новодолинский кенті

Новодолинский кенті әкімінің аппараты

Центральная көшесі, 4

59514

Кентттің МҮ

Школьная көшесі, 3

Кенттің отбасылық денсаулық орталығы

Школьная көшесі, 9

Кенттің пошта байланысы бөлімшесі

Центральная көшесі,  1а

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпарат
25 сентября 2026
Новодолинский кенті әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өткізілді

2026 жылдың 24 қыркүйегінде Новодолинский кенті әкімінің аппараты қызметкерлері арасында: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.

Семинарда Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру пулы мүшесі Сүлейменова Алтынай Ислямовна спикер ретінде сөз сөйледі.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мәселелері қарастырылды.

 Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.

«Новодолинский кенті әкімнің аппараты» ММ

бас маманы

Н. Гарварт

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпарат
18 сентября 2026
Новодолинский кенті әкімі аппаратының мамандары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру

2026 жылдың 15 қыркүйекте күні «Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ Новодолинский кенті әкімі аппаратының мамандары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша іс-шара өткізілді.

«Новодолинский кенті әкімнің аппараты» ММ

бас маманы

Н. Гарварт

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы