2022 жыл балалар жылы болып жарияланды. Өзінің жаңажылдық үндеуінде еліміздің Президенті Касым-Жомарт Токаев балаларға ерекше көңіл бөліну керектігі туралы айтқан болатын. Бұл дегеніміз - олардың құқығын қорғау, білім алуға, медициналық қызметтерге, әлеуметтік қамсыздандыруға деген қолжетімділік, жасы кәмелетке толмағандарға қатысты бұзушылық пен зорлық- зомбылықтың жою және алдын – алу. Қазақстандық балалардың жағдайын жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясат әлемдік қоғамдастық алдына қойған мақсат- міндеттерге, ұстанымдарға сәйкес жүргізіледі. Қазақстандық балаларды қолдау көптеген бағыттар бойынша жүргізіледі. Осы жылы отбасы мен балалық шақтың көптеген мәселелерін шешуге міндеттелген балалардың әл-ауқатының индексін бекіту жоспарлануда. Оның көмегі арқылы балалардың жағдайын жақсарту бойынша мемлекеттік органдар жұмысының нәтижелілігі қадағаланатын болады. Индекс және балалардың пайдасына шешілетін басқа да көптеген бастамалар биылғы жылы маңызды болып, жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз. Өйткені, балалар тек сөзбен ғана емес, қағаз жүзінде де, нақты іс-әрекетте, Заңда және оның дұрыс, сапалы орындалуында қолдау мен түсінуді қажет етеді. Себебі балалар тек сөз, қағаз жүзінде ғана емес, нақты әрекеттерде, заңда және оның дұрыс, сапалы орындалуында түсіністік пен қолдауға зәру.
Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, Балалар жылы дегеніміз ұрандату, мерекелік іс-шаралар өткізу емес, ең алдымен, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті органдардың балаларды қорғау мақсатында нақты шаралар қабылдауын білдіреді.
Өйткені, біз ересектер үшін не маңызды? – Балалардың өмір сүру деңгейі мен қауіпсіздігі жеткілікті жоғары болуы үшін олардың әрқашан дені сау, қарны тоқ, көйлегі көк болуы, жақсы білім мен медицинаның оларға қолжетімді болуы, олардың өмірі мен қауіпсіздігінің жеткілікт түрде жоғары деңгейде болуы үшін, спортпен және шығармашылықпен айналысуы маңызды.
Балалар жылы аясында Новодолинский кентінде тиісті іс-шаралар өткізіледі. Балалар жылына арналған іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді, онда тек мәдени-бұқаралық іс-шаралардан бөлек, кенттегі балалар алаңдарын жөндеу, ЖК Матюхинаның балалар ойын-сауық алаңын (батуттар) ашу, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары шеңберінде балалардың демалыс кезеңдерінде балаларды маусымдық жұмыспен қамтамасыз ету және басқа да бірқатар іс-шаралар енгізілген. Әкім аппараты демалыс кезінде өткізілетін іс-шараларға мониторинг жүргізеді және біздің балаларымыздың жазғы демалысын, соның ішінде спорт секциялары мен клуб құрылымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Балалар жылы кент қоғамшылдарымен де іс-шаралар өткізіледі. Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі және қоғамдық келісім кеңесімен бірге №11 жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен дөңгелек үстелдер өткізді, онда патриотизм, кіші отанға деген сүйіспеншілік, гендерлік теңдік, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мәселелері талқыланды. Өскелең ұрпақтың пікірін тыңдау, сондай-ақ ағымдағы мәселелерді талқылау әрқашан қызықты.
Бала махаббат пен мейірімділікке толы отбасында, жақын және сүйетін адамдар арасында өсуі керек. Ең өткір проблемалардың қатарына отбасылық зорлық-зомбылық жатады. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың ықтимал құрбандары - балалар. Дәл осы ата-ана көбінесе баланың физикалық зорлық-зомбылық пен психикалық зардап көруіне себепші. 2021 жылдан бастап кентте кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша мониторингтік топ жұмыс істейді, ай сайын қолайсыз отбасыларға рейдтер жүргізу жүзеге асырылады, ата-аналармен, олардың балаларымен түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі.
Әкім аппаратымен тұрақты түрде қамқорлықтағы, көп балалы және аз қамтылған отбасылардағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған қайырымдылық іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырылып, өткізіліп отырады, оларға кенттің кәсіпкерлері және қалалық мәслихаттың депутаты А. К. Омарбеков ерекше жылы ниетпен, мол ықыласпен қатысады.
Кентіміздің білім беру, мәдениет мекемелерінің және медициналық ұйымдарының жұмысы да бұдан тыс қалған емес. Бекітілген жоспарларға сәйкес көптеген іс-шаралар өткізіледі. Күш-жігерді қайда бағыттау керек екендігін анықтайтын нақты бағыттар бар.
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы - біздің жалпыұлттық міндетіміз. Олардың әл-ауқаты – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ғаламшардың келешек тағдыры балалардың қолында. Әрбір ересек адам мұны түсініп, осы болашақты қорғауы керек. Сонда ғана әрбір бала заманауи әлемде өзін жайлы сезініп, оған бейімделмей, лайықты өмір сүре алатын болады!
«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы Чобанюк Л.В.