Мемлекеттік қызметтер көрсету «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің азаматтар үшін қазіргі заманғы қолайлы құралдарын жасау — сервистік мемлекеттің бүкіл жүйесін құру кезіндегі аса маңызды міндет.
«Бір терезе» дегеніміз не?
«Бір терезе» азаматтар мен бизнеске қызмет көрсету технологиясы саласы шеңберінде қолданылатын термин болып табылады. «Бір терезе» негізінен азаматтар мен бизнестің арасында қызмет көрсетуші мамандармен мәжбүрлеп байланыс орнату уақытын қысқартуға бағытталған. Ол кез-келген қызметті ұсыну өтініш беруден бастап нәтижелерді беруге дейін (атқарушы немесе басқа органның шешімі) бір жерде шоғырлануымен сипатталады.
Бұдан шығатыны, «Бір терезе» қағидаты өтініш беруші шешім қабылдау үшін билік органына ұсынуы тиіс құжаттардың ең аз санымен тиісті сұрау салумен бір рет жүгінген кезде мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейді. Бұл жағдайда өтініш беруші өзі туралы ақпаратты бір мекемеден екінші мекемеге жеткізу үшін курьер болуды тоқтатады. Яғни, өтініш беруші ең аз қажетті құжаттар жиынтығын бір жерде бір рет тапсырады, содан кейін орган келісу мен ресімдеудің барлық рәсімдерін дербес жүзеге асырады.
«Бір терезе» - өтініш берушіден көрсетілетін қызметтерді алуға құжаттарды орталықтандырылған қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ құжаттарды дайындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және оларды беруді жүргізеді.
«Бір терезе» қағидаты мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш берушілердің (азаматтардың, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің) түрлі инстанциялардан құжаттарды жинауды және өтініш берушілердің әртүрлі инстанцияларға мемлекеттік қызметтерді алу құқығын растайтын әртүрлі құжаттар мен анықтамаларды ұсыну процестеріне қатысуын болдырмауды немесе барынша шектеуді көздейді.
Гарварт Н.В. Новодолинский кенті
әкімі аппаратының бас маманы