Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Новодолинский кентінің
құрамдас бөліктерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 19 шілдедегі қорытындысы негізінде, Новодолинский кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, Новодолинский кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1) Октябрьская көшесін Григорий Потанин көшесіне;
2) Октябрьдің 41 жылдығы көшесін Сәкен Сейфуллин көшесіне қайта аталсын.
|
Новодолинский кентінің әкімі |
|
Е. Исатаев |