«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ - нің 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ-де 14 қызмет түрі көрсетіледі.
Көрсетілу нысаны бойынша 2 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде (жер учаскесін алуға кезекке қою, жер учаскесін жеке меншікке бір мезетте немесе бөліп төлеу) және 12 мемлекеттік қызмет баламалы негізде көрсетіледі.
2021 жылдың 12 айында 1 мемлекеттік қызмет (Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау) электронды түрде көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді дәріптеу мақсатында қалалық «Шахтинский вестник» газетінде 4 мақала жарияланды.
Кент аумағында «Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтерді алыңыздар» атты бір баннер орнатылды.
Қызмет алушылардың электрондық түрде қызмет алу туралы хабардар болуын арттыру мақсатында кент тұрғындары арасында дөңгелек үстел өткізілді, сондай-ақ 55 дана буклет-жадынамалар таратылды.
«АДАЛ КӨМЕК», «Сарыарқа – адалдық алаңы» акциялары аясында Instagram әлеуметтік желісінде 2021 жылғы 23 маусым мен 23 қарашада Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тікелей эфирлер өткізілді.
Халықты хабардар ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бас мамандардың кабинеттерінде, стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, қағидалары мен өтініш үлгілері орналастырылған.
Халықты ақпараттандыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары, ережелері мен үлгілері бас мамандардың кабинеттерінде, стендтерде орналастырылған.
Қызметтерді электрондық түрде алу үшін "электрондық үкімет" порталын ыңғайлы пайдалану мақсатында Новодолинский кенті әкімі аппаратының қабылдау бөлмесінде картридждермен, қажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стенділермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. 2021 жылдың 12 айында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын 158 адам пайдаланды. Әкім аппаратының өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышындағы қабылдау бөлмесінде күн сайын электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу бойынша оқыту бейнероликтері көрсетіледі.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған (шақыру түймелері, пандус, Брайль қарпі бар тақтайшалар).
«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ ХҚКО біріктірілген ақпараттық жүйесі (ХҚКО ЫАЖ), ИАЖ МОНИТОРИНГ құралы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуына күнделікті бақылау жүргізеді.
Әкім аппаратының қызметкерлері арасында жүйелі түрде құқықтық жаппай оқыту, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың ережелерін түсіндіру бойынша өткізіледі.
Әкім аппаратының қызметкерлері арасында жүйелі түрде құқықтық жаппай оқыту, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың ережелерін түсіндіру бойынша өткізіледі.
Мемлекеттік қызметтер уақтылы көрсетіледі, әрбір мемлекеттік қызмет түрі бойынша жеке 14 өтініштерді тіркеу журналы ашылды. Журналдар істер номенклатурасына енгізілген, тігілген, нөмірленген, мөрмен бекітілген.
Новодолинский кенті әкімінің аппаратына кіре берісте пандус орнатылған кіру тобы бар. Сондай-ақ объектіні бейімдеу бойынша жұмыстар орындалды: шақыру түймесі орнатылды, сондай-ақ барлық кабинеттерде Брайль қарпі бар ақпарат жазылған тақтайшалар орнатылды.
04.06.2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бақылау жөніндегі бас инспектор көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Қызмет алушыларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік корпорация және «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы халықпен түсіндіру жұмысы жалғасатын болады.
Кент әкімі Е.Исатаев
Орынд. А.Черич
59514
an.cherich@karaganda-region.gov.kz