Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Новодолинский кентінің
құрамдас бөліктерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Новодолинский кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, Новодолинский кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1) Кутузов көшесін Әлия Молдағұлова атындағы көшесіне;
2) Суворов көшесін Мәншүк Мәметова атындағы көшесіне қайта аталсын.
Новодолинский кентінің әкімі Е. Исатаев