2019 жылғы шағын және орта бизнесті дамыту туралы ақпарат

Сонымен, 2019 жылғы статистикалық деректерге сәйкес тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 106 бірлікті немесе 2018 жылға 91,0% – ды құрады (2018 ж. - 102 бірлік).

 2019 жылы ШОБ белсенді субъектілерінің саны 2018 жылмен салыстырғанда 3% – ға төмендеп, 90 бірлікті құрады (2018 жылы-90 бірлік).

ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 1% - ға төмендеді (9 айда 2019ж. - 605 адам, 9 айда 2018 ж. - 604 адам).

Бизнесті қолдау және дамыту мақсатында кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік бағдарламалардың тетіктерімен таныстыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 10,0 млн.теңге сомасына 2 микрокредит мақұлданды. Олардың бірі  ЖК Молдахметоваға  - жолаушылар тасымалы үшін шағын автобус сатып алуға, енді бірі  ЖК Дубровқа  - жылқы сатып алуға және өсіруге беріледі.

«2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында Новодолинский кентіндегі М.Аббасовқа шаруа қожалығына 3 жаңа жұмыс орнын құрумен 11,6 млн. теңге несие берілді. Осы бағдарлама аясында 2 кәсіпкерге 1,0 млн. теңгеден астам субсидия төленді.

Шахтинск қаласының жұмыспен қамту орталығында «Бизнес Бастау» курстарында оқудан өткен 5 адамға, олардың әрқайсысына өз ісін ашуға және дамытуға 505 000 теңге сомасына гранттар берілді (Абдуллин Бауыржан - тігін ісі, Кох Олеся – кондитерлік іс, Абуталипов Саят – жұмыс істеп тұрған бизнес үшін жабдықтар сатып алу, Фарушева Мария - үйде  шаштараз және Сабаев Малик жолаушылар тасымалы үшін автокөлік).

 

 

2019 жылғы шағын және орта бизнесті дамыту туралы ақпарат
Дата публикации
30 декабря 2019