Кент аумағында әділет органдарында тіркелген 3 жергілікті діни бірлестік діни қызметін жүзеге асырады.
Жергілікті діни және қоғамдық бірлестіктермен экстремизм көріністерінің алдын алуға бағытталған бірлескен жұмыстар үшін серіктестік қарым-қатынас жолға қойылған.
Рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, этносаралық және конфессияаралық мәдениетті дамытуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Instagram желісіндегі novodolinskii_akimdigi парақшасы арқылы халық арасында ақпараттық-түсіндіру және алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, кент аумағында орналасқан LED-экранда зайырлы мемлекеттік қағидаттарды нығайтуға, конфессияаралық келісімді арттыруға, жастардың діни радикализм идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер тұрақты түрде көрсетілуде.
Әлеуметтік желілерде деструктивті діни контентті анықтау мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.
Халық арасында келісімді нығайту және конструктивті диалогты қолдау бойынша жұмыс жалғасуда.