
Балалар жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында, сондай-ақ жаңа оқу жылының қарсанында балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында Жергілікті полиция қызметінің және әкімшілік полиция қызметі бөліністерімен ағымдағы жылғы 2-10 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз - балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Акцияның негізгі мақсаты – балалар жол-көлік травматизмінің алдын-алу болып табылады. ЖПІШ өткізу кезінде жаяу жүргіншілер арасында, оның ішінде балалардың арасында «Біз жолдардағы қауіпсіздікті қолдаймыз!» акциясы өткізілді.
Ағымдағы жылдың 8 айында облыс аумағында балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларында 1 кәмелетке толмаған мерт болып, 28 жасөсіпірм дене жарақаттарын алды.
БҚО ПД ЖПҚБ