Орал қаласында БҚО полиция департаментінің қызметкерлері "Есірткіге жол жоқ" акциясын өткізді

Орал қаласында БҚО полиция департаментінің қызметкерлері "Есірткіге жол жоқ" акциясын өткізді

Аталған акция ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша карантин жағдайында есірткіге қарсы насихат жүргізу мақсатында өткізілді. ІІМ "Есірткіге жол жоқ"логотипі бар медициналық маскалар жасап таратуды ұйымдастырды. Есірткі-бұл кешенді мәселе, сондықтан акцияға облыстық СПИД-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, "biz birgemiz" облыстық еріктілер тобы және қала спортшылары қатысты. Акция барысында тұрғындарға 1500 бетперде табыс етілді, сондай-ақ азаматтарға есірткі құралдарын пайдаланудың қандай зияны бар екенін түсіндірді. Қала тұрғындары қуана қатысты. Орал қаласының тұрғындары акция өткізгені үшін полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді. Бұл акция есірткіге қарсы күреске оң әсер ететінін атап өтті. Жастар мен есірткіні қолдануға бейім адамдарды қорғау үшін осындай акцияларды жиі өткізуді сұрады.