Табиғатты аялаңыз!

Табиғатты аялаңыз!

    Жаз - ашық ауада демалуға арналған уақыт. Өкінішке орай, демалушылардың барлығы табиғаттағы мәдениетті сақтамайды. Демалыс орындарына барғаннан кейін, өзендер мен орманды жерлерде қоқыс үйінділері көп қалады.

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінен 30 тамызына дейін республикалық акция «Таза Қазақстан» аясында, Полиция департаменті Төтенше жағдайлар департаментімен, Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен, СЭС өкілдерімен бірлесіп, адамдар көп жиналатын жерлерде рейдтік іс-шараларды өткізеді. Оның мақсаты - жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоғамның назарын экологиялық проблемаларға аудару, халықтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыру.

         Бірақ мемлекеттік органдардың табиғат тазалығын сақтау әрекеті жеткіліксіз. Бізге облыс тұрғындарының өздері белсенді әрекет етуі керек. Әрбір саналы азамат су объектілерінің жағасында санитарлық тәртіпті орнатуға және қолдауға үлес қосуы керек. Адамдардан сұрарымыз қарапайым ережені сақтау керек: «Егер сіз табиғатта демалсаңыз – айналаңызды жинап жүріңіз».