Барлық кінә - алкогольден!

Барлық кінә -  алкогольден!

     БҚО-да бір күнде екі кісі өлімі орын алды. Екі жағдайда да қылмыстың болу себебі спирттік ішімдіктерді ішу болды.

Облыстық департамент бастығының орынбасары Асхат Теміржанов екі жағдайда да жәбірленушілер мен қылмыскерлер арасында спирттік ішімдік ішу салдарынан жанжал туындағанын атап өтті.

– Мұндай қылмыстардың жиі кездесетін себебі-алкогольдік мас болу. Алкогольдің әсерінен адам өз әрекеттерін бақыламайды және түсінбейді. Бұған мысал, 2 тамызда бір күнде екі кісі өлімі орын алды. сағат 13:00-де Зашаған кентіндегі "Ревунок" кафесінің артындағы  орман алқабынан  зорлықпен өлтірілген 1970 ж.т. ер адамның мәйіті, табылды. Жедел-іздестіру нәтижесінде Зашаған ПБ қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Орал қаласының 1984 және 1977 ж. т. екі тұрғынын ұстады.. Күдіктілер Орал қаласы ПБ УҰИ-на қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2020 жылғы 2 тамызда Орал қаласында шамамен сағат 01:42-де Карбышев көшесіндегі үйлердің бірінің пәтерінде зорлық-зомбылық белгілері бар 1978 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Орал қ.ПБ қызметкерлерімен Орал қаласының 45 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азамат Орал қаласының УҰИ-на қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірінші және екінші жағдайда күдіктілер қаза тапқандармен бірге спирттік ішімдік ішкен, - деді полковник А.Теміржанов.