
Ағымдағы жылдың 6 маусымында "Достық" саяжай қоғамы маңында "Шаған" өзенінде суға шомылып жүрген Екатерина Сергеевна Ананьеваға белгісіз тұлға маторлы қайықпен дене жарақатын келтірген, соның салдарынан Екатерина Ананьева қайтыс болды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2020 жылдың 5 тамызында аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған күдікті анықталды. Ол Орал қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге тыйым салынады."- БҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асхат Теміржанов