
Автокөліктің салонын тексеру барысында жүргізуші мен жолаушыдан өсімдік тектес заттары бар 9 зип-пакет табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері 1991 жылы туған Орал қаласының тұрғынын ұстады. Оны жеке тінту кезінде өсімдік тектес зат салынған орама табылып, тәркіленді.
Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.