Батысқазақстандық сақшылар жүлдегер атанды

Батысқазақстандық сақшылар жүлдегер атанды

«Жақсы сөз – жанның тынысы». Осындай атаумен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, мемлекеттік тілді жетік  меңгерген қабілетті қызметкерлерді анықтау және оларға қолдау көрсету, Қазақстандық патриотизмді нығайту және рухани құндылықтарды  насихаттау мақсатында  жыл сайын Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы өткізетін мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы облыстық  байқаудан Батыс Қазақстан облысының  Полиция департаменті бөліністері  ешқашан сырт қалған емес және жауапкершілік пен тыңғылықты дайындықтың нәтижесінде осынау аталмыш шарада тек жүлдені ғана қанжығаларына байлап келді. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл қашықтықтан оздырылған бұл байқауға  Полиция департаментінің қызметкерлері «Жетінші аймақ» атауымен қатысып, өз бақтарын сынға салды.

Байқауға облысымыздағы әкімдік, экономика, төтенше жағдай, білім, кітапхана және т.б. салалардың мамандары қатысып, тартысты сайыста жарысқан еді.

Байқаудың алғашқы кезеңі -таныстырылым бөлімінде команадамыз жерімізден шыққан күйші Дина, дәстүрлі әнші Ғарифолла, жауынгер ақын Жұбанның бейнесін сомдап, команда құрамының өнерден кенде емес екенін көрсетіп шықты. Келесі кезең эссе бөлімінде берілген  қазіргі уақыттағы өзекті тақырыптардың ішінен «Біз соғысты көрген жоқпыз» тақырыбын таңдап, Ұлы Жеңістің биылғы 75 жылдығына орай ерлігімен есте қалған  жерлестеріміз жайлы ой толғап, қаламдарының қарымын байқатса, үшінші кезең «Өнерліге өріс кең» бөлімінде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ақынның шығармашылығы төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Бұл кезеңде топ басшысы полиция аға лейтенанты Лида Болатова әлем таныған Абай тұлғасы жөнінде тұшымды жауап берсе, полиция капитаны Батырхан Абдукалимов жетінші қара сөзінен үзіндіні жатқа оқып берді. Қазылар алқасының қосымша сауалына да  мүдірмегенін баса айту керек.

Сайыс соңында ғалымдар, тіл мен әдебиет, педагогика салаларының зиялы қауым өкілдерінен құралған қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша бірнеше команданың арасынан Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінен құралған «Жетінші аймақ» командасы жүлделі 1-орынға ие болды.

Біз де өз кезегінде команданың туын тік ұстап, отансүйгіштіктің жарқын үлгісі болып жүрген әріптестерполиция подполковнигі В.Купцовқа, полиция аға лейтенанты Л.Болатоваға, полиция капитаны  Б.Абдукалимовкеалғыс айтып,егеменді еліміз үшін еткен еңбектері еленіп, тұғырлы тіліміз үшін  қосар үлестері әлі де арта берсін деп тілек білдіреміз.

Айта кетейік, осынау тіл құдіретіне арналған облыстық байқау 2017 жылы бастау алған болса, тәртіп сақшылары 4 жыл қатарына үзбей қатысып, бас жүлде мен бірінші орынды ғана иеленіп келеді.

БҚО Полиция департаменті

Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің

жетекші маманы Г.Қарағойшиева