
Әлеуметтік желіде теміржол өткелінде тұрған автокөлік жүргізушісінің оғаш әрекеті туралы видео таралған болатын.
Орал қаласының 40 жастағы тұрғыны, Mitsubishi автокөлігімен теміржол өткелінен өтіп кетпек болған.
Жүргізуші ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 230-бабы 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) және 607-бабы 1-бөлігіне (темiржол өтпелерiнен өту қағидаларын бұзу) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, биылғы алты айда өңірде 154 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 33 адам қаза тауып, 171-і түрлі жарақат алды.
БҚО ПД Баспасөз қызметі