Полиция қызметкерлері азаматтарға кеңес береді

Полиция қызметкерлері азаматтарға кеңес береді

Батыс Қазақстан облысының барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 17 және 18 шілдесінде "Жолда қабылдау" мобильді акциясы өтуде. Сіз БҚО полиция департаментінің қызметіне қатысты сізді қызықтыратын сұрақтарға жауап ала аласыз. Акция барлық карантиндік нормаларды сақтай отырып өтеді. Орал қаласында акция Пугачев көшесі, 45 мекен-жайы бойынша БҚО полиция департаментінің фронт-офисінде және  4-ші шағын ауданда  28 үйдің жанында өтеді.. Азаматтарға БҚО ПД басқарма басшылары мен БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Жанболат Жаншин кеңес берді. Сонымен қатар, азаматтар Instagram @policebqo парақшасында  тікелей эфир барысында "онлайн" режимінде сұрақтар қоя алады. Тікелей эфирде БҚО тұрғындарының сұрақтарына БҚО ПД ӘПБ бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Александр Плешаков пен БҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ернар Сұлтанғалиев жауап берді. Акция бірінші күні онлайн қабылдау бөліміне жүзден астам өтініш келіп түсті.

Сұрақтар негізінен карантин тәртібіне қатысты болды, азаматтар қала бойынша және өңірлер арасында қозғалыс шектеулері туралы сұрады. Көлік құралдарын қайта тіркеу және жүргізуші куәлігін алу мәселелері бойынша, сондай-ақ көші-қон желісі бойынша көптеген сұрақтар келіп түсті. Тыныштықты бұзғаны үшін бірнеше шағым түсті. БҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ернар Сұлтанғалиев аталған шағымдар бойынша тиісті шаралар қабылданатынына сендірді. Қала тұрғындары үндеулер арқылы жүргізушілердің жылдамдық режимін жиі бұзатыны және жолдарда апаттық жағдайлар туғызатыны туралы алаңдаушылық білдірді. Радармен жабдықталған жол патрульдерін күшейту қажеттілігі туралы бірнеше ұсыныстар келіп түсті. -Қазіргі уақытта 40 стационарлық жылдамдық өлшегіштерді, интеллектуалды қиылыстардың 14 жүйесін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ "Арқан" базасында 6 жылжымалы жүйе жұмыс істейтін болады.

Полиция департаменті акция 17-18 шілдеде Департамент беттеріне инстаграмм әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "қауырт желі" 35-04-84, 8-708-435-04-84 телефондары арқылы сұрақ қоюға болатынын хабарлайды.

Сондай-ақ, акция БҚО-ның барлық аудан орталықтарында өтеді.

БҚО ПД баспасөз қызметі