
Қазақстан полициясы күні – бұл егеменді елімізде осынау құрылымды құрған тұлғаларға және ардагерлерге зор құрмет көрсететін күн. Еліміздің тыныштығы мен адамдардың қауіпсіздігі үшін жан қиған ерлерді еске алу күні. Қазақстандық полиция – бұл елімізді және халқымызды қылмыскердің құрығынан қорғайтын сенімді жасақ, ал осы жасақта қызмет ету – құрметті әрі игі іс.
Тәртіп сақшылары халықтың тыныштығын күні-түні күзетіп, әркез әлеуметтік тәртіпті бақылайды, қауіп -қатердің алдын алады, төнген қауіпті ауыздықтауда тәуекелге бел буып, басын бәйгеге тігетін кездері де аз емес. Дәл қазіргі уақытта әлемді жаулаған қатерлі індетпен күрес майданының алғы шебінде полиция қызметкерлерінің жүруінің өзі осының айғағы.
Біз – елдің тыныштығын қорғаушыларымыз. Сондықтан, халық бізден кәсіби сауаттылықты, адалдықты әрі инабаттылықты күтеді. Тәртіп сақшысы деген атқа лайық болып, халыққа берген антты абыроймен орындай біліңіздер!
Барша тәртіп сақшыларын кәсіби мереке – Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймын! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Ізгі ниетпен,
Батыс Қазақстан облысының ПД бастығы
полиция генерал –майоры Махсудхан Аблазимов